12 Сәуір 2019, 11:59
12 Сәуір 2019, 11:59
2522
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылды.
"Ақтауға менің бейнем бар 14 билборд қойғанын маған хабарлады. Менің ойымша, бұл мүлдем орынсыз, мен мұндай насихатты қажет етпеймін. Мұндай әкімшілік ыждахаттылықтың қажеті не?", - деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ, ол билбордтар мемлекеттік шынайы жетістігін көрсетуге бағытталу керектігін айтты.
"Билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің шынайы жетістіктерін көрсетуге арнау керек. Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге нұсқауым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.