Жайыққа хлор төгілген

12 Сәуір 2019, 20:14
2908
Бөлісу:
Жайыққа хлор төгілген
Фото: автордан

 Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауға іссапармен келген ҚР Парламенті сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Жайықтағы жағдайға байланысты жиын өткізді. Қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.  

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша екі қылмыстық іске тергеу жұмыстары  әлі жүріп жатыр. Олар Қылмыстық кодекстің 204 бабы 2 бөлімімен «аса ірі шығын келтірумен ұштасқан бөтеннің мүлкін бүлдіру немесе жою", екіншісі Қылмыстық Кодекстің 328 бабының 3 бөлігімен  «қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен ұштасқан жер беті суларын ластау». 

Осы тергеу жұмыстары барысында Алматы қаласындағы сот сараптама орталығында зерттелген алғашқы экологиялық сараптама дайын дейді ІІМ-нің тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев. Жайықтағы су маржандарының жаппай қырылуына өзенге мөлшерден тыс төгілген хлор әсер етіпті. 

"Осы жылдың үшінші сәуірінде сараптаманың қорытындысын алдық. Ол қорытынды бойынша балықтың жаппай қырылуына себеп, олардың тыныс алу функциясына зақым келтірген хлормен улану. Қазіргі кезде  өзеннің суын хлормен ластауға кінәлі субьектілерді анықтауға бағытталған сараптама одан әрі қарай жалғасуда", - дейді  ҚР ІІМ-нің тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев.

Министрліктегілердің айтуынша сараптамалардың қорытындысын тез шығаруға құжат ауқымының көптігі кедергі екен. Құзырлы органдардың бұл сөзін  бұрын заңгер болған сенатор Сәрсенбай Еңсегенов те растады. 

Сонымен қатар тергеу департаменті бастығы Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзенінде де қырылған балықтар бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы