Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды

12 Сәуір 2019, 16:05
3839
Бөлісу:
Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қапшағай маңындағы «Жағалау» полигонында десантты шабуылдаушы жасақтарының әскери оқу-жаттығулары өтті. Арам ниетті қарулы топ Қапшағай ауданындағы СЭС-тің көпірін жарып жіберген және еліміздің қарулы күштерін Іле өзенінің оң жағалауына шығармас үшін бар күштерін сонда жұмсайды. 

Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды

«Арнайы операция кезінде десантты жасақпен содырлардың көзін жою шешімі қабылданды. Әуеден десанттар түсіріліп, Іле өзені бойындағы қарақшылардың плацдармы босатылады. Кейін өзен бойына пантонды көпір тұрғызылып қарулы техниканың еркін өтуіне жағдай жасалды. «Оқу-жаттығу жұмыстары аясында десантты құрылыммен белгісіз қарулы топтың көзін жою операциясы жүргізілді. Күштік құрылымдар алға қойылған тапсырманы сәтті орындап шықты. Өзеннен тездетіп өту жаттығулары 2015 жылдан бері өткізілген жоқ еді. Биыл алғашқы рет өтіп отыр», - деді Қазақстан Республикасы Десантты шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов.

Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өткен оқу-жаттығу шарасына Алматы мен Қапшағай қалаларының екі десантты отряды қатысты. 

Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды

«Жаттығу барысында бізге пантонды көпір тұрғызу бұйрығы берілді. Екі десант батальоны Іле бойынан тездетіп өтіп, қарулы топтың қорғаныс шебін бұзып, стратегиялық аймақты азат ету керек болды. Яғни, Арқарлы, Алтын-Емел және Қойбын асуларын жау қолынан тазарту міндеті қойылды. Бұл стратегиялық маңызды аймақтар болып келеді. Біздің десантты отряд Іле өзені бойында бірінші рет жүре соғыса отырып өтті. Осындай жаттығулардың жиі болып тұрғаны жақсы, бұл жеке құрылымдардың тәжірибе жинақтауына септігін тигізеді. Бүгін пантонды көпірді құруға 74 адам атсалысты», - деді Десантты шабуылдаушы батальонының командирі капитан Ернат Төреғұлов 

Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды

Жаттығуға 60-тан аса БТР және 30 жуық өзге де әскери техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, жаттығуға қатысқан сарбаздардың тең жартысы мерзімді әскери борышын өтеушілер, қалғаны келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскерилер.

Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды

Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды



Өзгелердің жаңалығы