Президент сайлауы – 2019. Ассамблея өкілдері тұрақтылықты қолдайды

12 Сәуір 2019, 18:06
2739
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Ассамблея өкілдері тұрақтылықты қолдайды

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірді.

Кеңес мүшелері еңбек ұжымдары, қауымдастықтары мүшелерінің сайлауға белсене қатысатынына сенімді.

«Президенттің кезектен тыс сайлау өткізу туралы үндеуі шыққаннан бері оның бұл ұйғарымы туралы саясаткерлер, сараптамашылардың уәждерін оқып, теледидар мен радио хабарларына құлақ түріп келеміз. Еліміздің қарапайым тұрғындары да өз пікірлерін жеткізуде. Осындай, саяси науқанның мәнісі туралы жан-жақты айтылған пайымдаулар өз пікіріңді түйіндеуге жол ашады. Әрине, уақытша билікке қалай десеңіз де ішкі түйсіктің алаңдайтыны анық. Халық сайлап, бүкіл ел сенім артып сайланған Президенттің іске білек сыбана кірісері сөзсіз. Халық Елбасы тапсырмасымен елімізде қолға алынған бағдарламалардың жүзеге асуын, тоқырамауын, шағын және орта бизнесті қолдау, көп балалы аналарға қамқорлықты жетілдіру, мұғалімдер мен медицина қызметкерлері, аудан-ауылдағы мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысын көтеру шараларының біртіндеп орындала беруін  қалайды. Жаңа сайланған Президент сол бағдарламаларды тоқтатпай жүзеге асырады, одан әрі де жандандыра түседі деп сенеді», - дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл.

«Вайнах» облыстық  шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиевтің пайымынша,  еліміздегі тұрақтылық пен тыныштыққа сызат түсірмеу – әрбір азаматтың міндеті.

«Осы күндері эфирге шығып, баспасөз бетіне жазып пікір айтушылар өте көп, белсенді. Арасында батагөй ақсақал қариялар да, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер де, жалындаған жастар да жеткілікті. Әсіресе, көздері ашық, көкіректері ояу студенттердің пікірлері өте сауатты, терең. Құлақ түріп, тыңдасаң- қуанасың. Жастар білімді, сауатты, ел болашағы үшін жан-тәнімен алаңдаулы болса, ол болашағымыздың жарқындығының кепілі емес пе?  Бұл- алдағы президент сайлауына халықтың  белсене қатынасатының оң нышаны. Айналамызды тыңдап, әріптестерімізбен, оқырмандарымызбен бұл тақырыпқа әр күн сайын пікірлесіп отырамыз. Сонда туындайтын ортақ пікірге тоқталар болсақ, ол – ең бастысы елдің тыныштығы, бейбіт өмір», - дейді Герихан Яндиев.

      Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан өзінің бейбіт те берекелі жолын таңдап, әлемге осы ұстанымын табанды түрде таныта алғанын айтады кеңес мүшелері.

«Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның бейбіт жолмен дамудың сара жолына түскен, сол бағыттан айнымайтын, кімнің болса да сенім арта алатын берекелі ел екенін дәлелдеді. Бейбіт өмірді, берекелі тірлікті, достық пен татулықты ту еткен елмен тізе қоса жұмыс жасап, табысқа қол жеткізуге құштар мемлекеттер саны арта түсері де сөзсіз. Халық ел алдына қойылған ірі бағдарламаларды жүзеге асырар Президентін сайлауға дайын. Сайлауға белсенді қатысып, оның Президент үндеуінде айтылғандай заңға сәйкес, әділ өтеріне сенімді», - дейді «Чуваш этномәдени орталығының» тарайымы Елена Мащинская.
Өзгелердің жаңалығы