Все новости за 22 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Съезд қарсаңында. 20 жылдыққа тарту
Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында «Нұр Отан» жасампаздық пен дамудың 20 жылы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шара партияның мерейтойына орай ұйымдастырылды.
-
Астанада өз-өзін жармақ болған азамат жауапқа тартылды
Астана, BAQ.KZ. Астанадағы "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында үкімет мүшелерінің келуін талап етіп, талабы орындалмаған жағдайда "газ баллонын жарамын" деп қорқытқан азамат Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды.
-
Көші-қон тәртібін бұзған шетелдікке айыппұл салынды
Астана, BAQ.KZ. Арал аудандық сотында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының азаматы Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Конституциялық Кеңестің қызметкерлері латын әліпбиінде диктант жазды
Астана, BAQ.KZ. Конституциялық Кеңестің қызметкерлері латын әліпбиінде диктант жазды. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шегірткемен күрес мәселесін Қазақстан мен Ресей бірлесіп шешпек
Астана, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының арасында шекаралас аумақтарда шегіртке тектес зиянкестермен және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу мәселелері бойынша жыл сайынғы халықаралық кеңес өткізілді.
-
Өрттен 15 адамды құтқаруға көмектескен жауынгер марапатталды
Астана, BAQ.KZ. Жанып жатқан үйден 15 адамды шығаруға көмектескен «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, ефрейтор Қуандық Қанатовты марапатталды.
-
Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Астана, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Кеңес әскерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті.
-
ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Молдавия елдерінің өкілдері өздерінің елдерінде пайдаланылатын баға белгілеу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Іс-шараға сондай-ақ Түркия елінен келген сарапшылар да қатысты.
-
Беларусьте қазақстандық ҰОС батырының құрметіне жарыс өтті
Астана, BAQ.KZ. Беларусь Республикасының Волковыск қаласында 1944 жылғы шілдеде Белоруссияны босату кезінде қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті.
-
Әлеуметтік жоба ұсынған маңғыстаулық жұмыссыз жастарға грант беріледі
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігінің жобаларды басқару бойынша топ жетекшісі Гүлмира Ескендірова мәлімдеді.
-
Алматыда тағы бірнеше бағдардың автобустары жаңарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы состав жаңарып, жаңа бағыттар ашылуда. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №65 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.
-
Сенатор германиялық делегаттармен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева құрамына Зонтхофен қаласындағы учаскелік сот төрағасының бірінші орынбасары Кристиан Рох, жастар ісі жөніндегі мекеменің өкілі, әлеуметтік саланың қызметкері Керстин Бекманн енген Германия делегациясымен кездесті.
-
БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі
БҚО, BAQ.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа филиалының ашылуы салтанатында айтып өтті.
-
Қарағандыда триатлон парк пен ипподром салынады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының жаңа орталығында триатлон парктің құрылысы басталады. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының бас жоспарына ипподром салу жобасы енгізілген. Бұл жайлы аймақ басшысы xалықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.
-
Теңгенің банкноттары мен монеталары тек мемлекеттік тілде жазылады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды.
-
Съезд қарсаңында. Бағдарлама халыққа жоғары дәрежеде өмір сүруге жағдай жасауға арналған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 27 ақпан күні Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі өтеді. Осыған орай Алматы қалалық Маслихаты «Нұр Отан» фракциясының депутаты, Әлеуметтік мәселелер және көлік инфрақұрылымы жөніндегі комиссияның төрағасы Роза Бадаевамен партияның жаңа бағдарламасы, 2030 жылға дейінгі жоспар жөнінде сұқбаттасқан едік.
-
Сенатта ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің ұйымдастыруымен «Ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы және оны заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
-
Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында "Темуридтер тарихы" мемлекеттік музейінде «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды.
-
Съезд қарсаңында. Жаңа бағдарлама партияны басты қозғаушы күшке айналдырады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орал қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің делегаты Аққали Әубекеров осылай дейді.
-
Қарағандылық көпбалалы аналар облыс әкімінен үй сұрады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақ басшысының халыққа есеп беру кездесуінде қарағандылық аналар Ерлан Қошановтан баспана мәселесінің қашан шешілетінін сұрады.
-
Қаражал мен Жәйрем қалаларындағы ауызсу мәселесі шешілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов халықпен кездесуінде облыс орталығынан шалғайда жатқан Қаражал мен Жәйрем тұрғындарының көп жылдан бері бас ауруына айналған ауызсу мәселесі шешімін тапқанын айтты.
-
Еліміздегі МЖС аясындағы жобалардың 23% Шығыс Қазақстанға тиесілі
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі барлық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы жобалардың 23%-ы Шығыс Қазақстанға тиесілі. Қазіргі уақытта облыс инвестиция тарту бағытында Еуропалық Даму банкімен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
-
Ақтөбенің 7 елді мекенінде су басу қаупі сейілді
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында су басу ықтималдығы бар 35 елді мекен бар. Былтыр анықталған 42 елді мекеннің жетеуінде қауіп жойылған. Арықтар мен бөгеттер салынған. Бұл туралы бүгін Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақ пен қаладағы төтенше жағдайларға жауапты мамандар мәлімдеді.
-
Мыңдаған көпбалалы ана «Біріңғай әлеуметтік терезе» қызметіне жүгінді
Астана, BAQ.KZ. 20 ақпаннан бастап «Нұр Отан» партиясының 230 филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» аясында белсенді жұмыс жүргізілуде. Партиялық алаңда азаматтарды қабылдауды комиссия жүзеге асырады.
-
Үйі өртеніп, үш баласынан айырылған қызылордалық анаға баспана берілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығына қарасты Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Жәмилә Сәдуоваға жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
-
Ақтөбеде 15 жаңа мектеп салынады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде үш ауысымдағы мектептер болмайды. Қазір облыста үш ауысымды мектептерді жою шаралары жүріп жатыр. Былтыр мұндай 8 мектеп жойылды.
-
Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасын көпшілік алдында талқылау аясында Денсаулық сақтау министрлігі, ДДСҰ, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін талқылауға ұсынды.
-
Биыл ШҚО-дағы білім мекемелеріне камералар толық орнатылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар – білім және денсаулық сақтау салаларын цифрландыру мықтап қолға алынды.
-
Қазақстан мен Жапония сауда айналымы 2 млрд долларға жетті – елші
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда айналымы 2 млрд долларға жетті. Бұған дейін біз мақсары майы мен табиғи балды экспортқа шығарсақ, енді жапониялықтар жылқы етін алуға ниеттеніп отыр. Екі ел арасындағы осы және өзге де сауда-экономикалық қарым-қатынастың мән-жайын Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев айтып берді.
-
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 23 ақпан күні ауа райына байланысты дабылды ескерту жасады.
-
ШҚО-да Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының аймақтық орталығы құрылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанның «Алтай Атлетикс» клубында Қазақстан азаматтығын алған төрт кениялық жеңіл атлетші бар. Жеңілатлетика федерациясы халықаралық қауымдастығының үздіктер рейтингіне кіретін бұл спортшылар қазірдің өзінде халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтып жүр.
-
Пәкістанда нөсер жауын мен қардан 28 адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Пәкістандық ақпарат құралдары соңғы кезде елдің көптеген аудандарында нөсер жауын мен қардың жиілеп кетуінен 28 адамның көз жұмғанын хабарлауда.
-
Катонқарағай ауданында халық медицинасының орталығы ашылмақ
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында халық медицинасының орталығы ашылмақ. Бір уақытта 90 адамға қызмет көрсете алатын аталмыш орталық Катонқарағай ауылындағы жаңадан салынған аурухана базасында жұмыс істейтін болады.
-
Сексеуіл отаған браконьер ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары Балқаш ауданының аумағында сексеуілді заңсыз отады деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
-
Мемлекеттік органдарда үстеме жұмыс төрт есе қысқарды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы қысқарды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәдина Наурызбек мәлімдеді.
-
Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімі берілуі мүмкін
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде бүгін тұрғындар алдында есеп берген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Жалпы, мұндай ұсынысты біраз бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт ұсынған еді.
-
Шымкентте Ұлы даланың өркениетіне арналған халықаралық жиын өтті
Шымкент, BAQ.KZ. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ұлы дала өркениетінің мәні мен құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
-
Темір жол станциясы бастығы 18 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова соңғы екі аптада болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді.
-
Жамбылдағы 60 елді мекен медициналық нысанмен қамтылады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 1,5 жылда Жамбылдағы 60 елді мекен алғашқы медициналық көмек көрсететін нысанмен қамтылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындары алдында есеп беру жиынында мәлімдеді.
-
Астанада бөлім басшысы 414 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз аударған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы басқарма басшысының ЭЦҚ-сын пайдаланып, мердігер мекеменің шотына 414 млн теңгені заңсыз аударған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.
-
Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді.
-
Жамбылдағы аз қамтылған отбасылардың коммуналдық төлемдері жеңілдетіледі
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбылдағы 7 500 аз қамтылған отбасының коммуналдық төлемдерін жеңілдетуге қаржы қарастырылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындары алдында есеп беру жиынында мәлімдеді.
-
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2019 жылдың 23-25 ақпанына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Жамбылда баспана құрылысына берілген жерлер қайтарылады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Облыста жеке баспана құрылысына берілген 2 мыңнан астам жер телімі мемлекетке қайтарылады. Бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындары алдында есеп беру жиынында мәлімдеді.
-
150 медициналық ұйымның қызметінде заң бұзушылық анықталды
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2018 жылда жоспарланған 171 денсаулық сақтау объектісінің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтармен жұмыс істейтін 150 объект (87,7%) анықталды.
-
Жамбылдағы үдемелі бақ аумағы кеңейеді – Мырзахметов
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындары алдында есеп беру жиынында мәлімдеді.
-
«Эксимбанк Қазақстан» салымшыларына 95% астам өтемақы төленді
Астана, BAQ.KZ. 20 ақпандағы есепке сәйкес, Қазпошта АҚ «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларына 250 млн теңге кепілдік өтем төледі. Бұл «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның банк салымшыларының алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 95%-дан астам бөлігі, деп хабарлады «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.
-
«Астана Опера» өнер әлемінің жұлдыздарын қарсы алмақ
Астана, BAQ.KZ. 2 наурыз күні «Астана Опера» сахнасындағы «Музыкалық өнер жауһарлары» концертінде айтулы дирижер Илья Машкевич (Бельгия), қазақстандық және италиялық көрерменнің сүйіктілері – «Астана Опера» солисі сопрано Мария Мудряк пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Италия Жұлдызы Орденінің иегері тенор Медет Чотабаев өнер көрсетеді. Кеш «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді.
-
Бүгін Қарағанды облысының әкімі халыққа есеп береді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 22 ақпан күні Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов тұрғындармен кездесіп, 2018 жылы атқарылған шаралар жайлы есеп беріп, 2019 жылға арналған жоспарларымен бөліседі.
-
Көкшетауда бағаны негізсіз көтеруге жол берілмейді
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Облыс, қала әкімдіктері өңірдегі тауар өндіруші 7 компаниямен облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойды.
-
Алматыда көші-қон қызметі шетелдіктерді де тіркей бастады
Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылдың тамыз айында Көші-қон қызмет орталығы ашылған. Осы уақытқа дейін онда мигранттардың жұмысқа кедергісіз тұру қағидаты бойынша рұқсаттар беріліп келеді. Бұл алаңда енді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды уақытша тіркеу қызметі де көрсетілмек. Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.
-
Үкіметтің жаңа құрамы қалай жасақталады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 21 ақпан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті таратып, Бақытжан Сағынтаев отставкаға кетті. ҚР Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелді. Ал Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарады.
-
Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады
Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірдегі көпбалалы аналармен кездесті. Тараз қалалық Мәденеиет үйінде өткен кездесуге көп ана келді. Олар аймақ басшысы алдында түрлі әлеуметтік мәселені көтеріп, тілек-өтініштерін білдірді.
-
«Байқоңырдан» Egyptsat-A ғарыш аппаратымен тасығыш-зымыран ұшырылды
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 21 ақпанында Астана уақытымен 21 сағат 47 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31 алаңынан «Egyptsat-A» ғарыш аппаратымен «Союз-2.1б» тасығыш-зымыраны ұшырылды. Ұшырылу штатты режимде өтті.
-
«ҚазМұнайГаз» авиаотын бағасын арзандатты
Астана, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ осы жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық өндірістің РТ маркалы авиациялық отынына көтерме баға төмендегені туралы хабарлайды.
-
ШҚО-да шаруашылық жерлердің электрондық картасы жасалуда
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысындағы егістік жерлер толығымен цифрланып, жайылымдар мен шабындықтар жайлы деректер электрондық базаға жартылай енгізілген. Бұл жөнінде облыстық әкімдікте өткен «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесінің бюросында айтылды.
-
Павлодарлық дәрігерлер 58 жастағы пациенттің жүрегіне хирургиялық криоабляция жасады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарлық кардиохуриргтер 58 жастағы азаматшаның жүрегіне бірегей операция жасады. Білікті мамандар «хирургиялық криоабляция» деп аталатын әрекеттің әдіс-тәсілін меңгеріп алған.
-
Павлодарлық шенеуніктер кәсіпкерлерге берген жерін тартып алмақ
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің шенеуніктері «Үй жанындағы дүкен» жобасы аясында кәсіпкерлерге жалға берген жер учаскелерін тартып алмақ. Енді облыс әкімі мұрындық болған жоба уақытша тоқтатылып, бизнесмендерді далада қалдыруы ықтимал.
-
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы тұрақсыз, кей жеде жауын-шашынды болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшеюі мүмкін.
-
Сағынтаев. 2 жыл, 5 ай, 1 апта, 5 күн
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Кеше, 21 ақпан күні Назарбаев Үкіметті таратты. Осылайша, Қазақстан Республикасының 10-ыншы премьер-министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев отставкаға жіберілді.
Наверх