Бүгін Қарағанды облысының әкімі халыққа есеп береді

22 Ақпан 2019, 11:10
2187
Бөлісу:
Бүгін Қарағанды облысының әкімі халыққа есеп береді

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 22 ақпан күні Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов тұрғындармен кездесіп, 2018 жылы атқарылған шаралар жайлы есеп беріп, 2019 жылға арналған жоспарларымен бөліседі.

Бүгін 15:00-де Кеншілер мәдениет сарайының үлкен залында аймақ басшысының халық алдындағы есеп беруі басталады деп жоспарланған. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, есеп беру әкімдіктің сайты мен телеарналар арқылы көрсетілетін болады.

«Есептік кездесу барысында жедел желі жұмыс істейтін болады. Облыс тұрғындары аймақ басшысына сұрақтарын 8 (7212) 25-20-35, 25-20-99 және 25-21-19 нөмірлеріне хабарласу арқылы қоя алады», - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Марина Шаповалова.

Облыс әкімінің есептік кездесуінің алдында, ақпанның 19-21 аралығында ашық есік күндері өткен. Нұркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде таңғы 09.00-18.00 аралығында облыстық және қалалық әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшесі мен басқармасы, сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері тұрғындарды қабылдап, олардың кез келген сұрағы бойынша кеңес берілді.

Еске салайық, Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі лауазымына 2017 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының бұйрығымен тағайындалған болатын.

Жібек Мұқашева

Өзгелердің жаңалығы