БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі

22 Ақпан 2019, 18:43
1808
Бөлісу:
БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі

БҚО, BAQ.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа филиалының ашылуы салтанатында айтып өтті.

Орал қаласындағы ескі бөлімше Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін тар болып келген болатын. Бұрын қаржылық ұйым қызметкерлері ауданы 500 шаршы метрді құрайтын бөлімшеде күн сайын шамамен 500-ге жуық адамға қызмет көрсететін. Ал қазір аймақ тұрғындарына қолайлы болсын деген мақсатта ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын жаңа кеңсе ашылып отыр. Бөлімше аумағының 70%-ы клиенттік аймаққа берілген.  

Жалпы алғанда, банк облыс бойынша 68,6 мың адамға қызмет көрсетеді. Салымшылардың дәл осы саны, яғни облыстың әрбір оныншы тұрғыны болашақта үй аламыз деп Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына қаражат жинақтап жатыр. Олардың депозиттеріне жиналған қаражаттың жалпы сомасы 34,6 млрд теңгені құрайды.  

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының банк өнімдеріне деген жоғары сұранысы олардың қолжетімділігімен және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштерінің жыл сайынғы өсімімен түсіндіріледі, бұл – облыс әкімдігінің тиімді жұмысының нәтижесі екендігінің де айғағы. Мысалы, 2014 жылы аймақта  257,1 мың ш.м. тұрғын үй салынған болса, 2017 жылы – 392,2 мың ш.м., ал 2018 ж. нәтижесі бойынша 432,2 мың ш.м. баспана құрылысы бой көтерген.

Осы жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйлер көлемінің бұдан да артық болуы мүмкін. Тек «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Олардың ішінде 1 100 пәтері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына берілетін болады.  

- Батыс Қазақстан облысында қазақстандықтарға берілген заемдардың жартысынан көбін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қамтамасыз етеді. Клиенттердің барынша қысқа мерзім ішінде қызметтерді алуы үшін біз жаңа филиалдарды ашып қана қоймай, сондай-ақ онлайн-құралдарды да енгізіп жатырмыз. Кез келген қазақстандық банктің кеңес берушісін үйіне немесе жұмысына шақыра отырып, қашықтан депозит аша алады. Жақында ғана біз Қуаныш деп аталатын виртуалды көмекшіні іске қостық. Бұл – Telegram-дағы чат-бот. Қуаныш  сіздің депозитіңіз және кредитіңіз  бойынша дербес ақпаратты алуға көмектеседі. Тағы бір ноу-хау –бейне-кабиналар. Олармен жаңа бөлімше жабдықталады. Мұнда кезекте тұрмай-ақ виртуалды түрде барлық қажетті ақпаратты алуға болады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма бөрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа филиалмен бірге Батыс Қзақстан облысында «Jas Maman» акциясын іске қосты. Жоба аясында банкте бос лауазымдар бөлінді: банк 18 бен 35 жас аралығындағы аймақ тұрғындарын штаттан тыс кеңес берушілер ретінде жұмысқа қабылдауға дайын. Үміткерлерге жоғары және орта арнайы білімі, сондай-ақ қаржы саласындағы жұмыс өтілінің болуына қатысты қатаң талаптар қойылмайды.

Цифрлық технологиялардың арқасында банктің жаңа қызметкерлері қызметтерді қашықтан көрсете алады. Яғни кеңседе отыруы міндетті емес. Клиенттерге кеңес беру және оларға депозиттер ашу облыстың бүкіл аумағы бойынша, тіпті ең шалғай аудандарда да мүмкін болады. Осы орайда кеңес беруші жұмысын негізгі жұмыспен немесе оқумен қатар жүргізуге рұқсат беріледі.

БҚО-дағы кеңес берушілердің орташа жалақысы айына 180 000 теңгені құрайды. Мұндай жалақы жас мамандарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына қаражат жинақтауға және болашақта баспана сатып алуға мүмкіндік береді.
Өзгелердің жаңалығы