Съезд қарсаңында. 20 жылдыққа тарту

22 Ақпан 2019, 22:49
2595
Бөлісу:
Съезд қарсаңында. 20 жылдыққа тарту

Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында «Нұр Отан» жасампаздық пен дамудың 20 жылы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шара партияның мерейтойына орай ұйымдастырылды. 

Айтулы еңбекті Жанар Бұқанованың басшылығы мен Саяси партиялармен басқару академиясының шығармашылық ұжымы дайындады.

Кездесуге партияның Орталық аппаратының және оған бағынысты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, партия ардагерлері, Мәжіліс депутаттары, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының және ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың өкілдері қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген партия хатшысы Фархад Қуанғанов партияның идеологиялық бағдарлары мен маңызды жетістіктері туралы айта келе, мерейтойлық кітаптың маңыздылығына тоқталды.

"Бүгінгі жарық көріп отырған кітапта алғаш рет билеуші партияның феномені жан-жақты түсіндіріліп, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріндегі «Нұр Отанның» рөлі мен саяси көшбасшылықтың негізгі тетіктері туралы жазылған. Іс-шараға қатысып, жаңа кітапқа қызығушылық танытып, қолдау білдіргендіріңіз үшін баршаңызға партия атынан шынайы алғысымды білдіремін", – деді Ф.Шаймұратұлы.

Мерекелік шара барысында мәжіліс депутаты Қ.Сұлтанов, партия ардагерлері Қ.Тақуов пен Ә.Ілиясова, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық институты директорының орынбасары М.Нұрағалиева, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі А.Башмаков, «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев сөз сөйлеп, партияның тарихына, оның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері, партия дамуының перспективалары туралы өз ойларын ортаға салды. 

Ал мерейтойлық кітаптың авторы, Саяси менеджмент академиясының директоры Жанар Буканова бұл туынды партия туралы жазылған алғашқы аналитикалық еңбектердің бірі екенін атап өтті. Айта кетейік, авторлар ұжымымен дайындалған кітапта партияның қалыптасуы мен дамуындағы қызметіне талдау жасалған. 

Атап айтқанда, партияның 20 жылдығы, осы кезеңдегі даму жолы, партияның саяси көшбасшылығы, даму перспективалары баяндалған.

Өзгелердің жаңалығы