Көші-қон тәртібін бұзған шетелдікке айыппұл салынды

22 Ақпан 2019, 22:04
2163
Бөлісу:
Көші-қон тәртібін бұзған шетелдікке айыппұл салынды

Астана, BAQ.KZ. Арал аудандық сотында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының азаматы Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Сотта анықталғандай, азамат Р. Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін, тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмай көші-қон  заңнамасын бұзған" - делінген хабарламада.

Құқық бұзушының кінәсі сот отырысында іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 26513 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы