Все новости за 25 маусым 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Арыс балаларын Жамбылдағы жазғы лагерлер қабылдауға дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында болған апаттың салдарынан тұрғындар үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың дені Шымкент қаласында мешіттер мен жатақханаларға жайғастырылды. Зардап шегуші тұрғындардың бірқатары бүгін таңға жуық Жамбыл облысқа да келді. Жансауғалап келген 108 ағайын облыстық мешітке жайғасты.
-
Елорда күні қарсаңында Павлодарда 300 адам дуатлоннан жарысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Павлодарда Елорда күніне орай дуатлоннан жарыс өтеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
-
Алматыда автобустар санын 4 есе арттыру жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек автобус техникасының, аксессуарлар мен қызмет көрсетудің «BUSWORLD Central Asia 2019» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өзінің жартығасырлық тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Арыс қаласы. 25.06.2019 ж.
Арыс қаласы, BAQ.KZ тілшісі. 25 маусым - бұл күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының әкімдігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі журналистерге арнайы пресс-тур ұйымдастырды. Пресс-тур барысында әлеуметтік желі арқылы тараған түрлі қауесет, халықтың үрейі мен қорқынышынан туындаған сауалдарға жауап іздеп көрдік.
-
Биыл Павлодар облысынан көшкен адамдардың жартысы Нұр-Сұлтанға көшкен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыстан 3987 адам қоныс аударған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Елордада халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акция өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 26 маусым күні халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «дені сау болу – сәнді!» ұранымен есірткіге қарсы кең ауқымды акция өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Қызылордада «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарлайды.
-
Арыстағы жарылыс. Журналистер жағдаймен танысып қайтты
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты журналистер пресс тур барысында Ордабасы ауданы, Төреарық ауылындағы Тәуке хан атындағы орта мектебіндегі Арыс қаласынан зардап шеккен азаматтарды уақытша қабылдау пунктіне соқты.
-
Қарағандылық жас футболшылар Қазақстан чемпионатының кубогын жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Облыстық «Жастар» олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Мұндай нәтижеге көп жылдан бері қол жеткізілмеген еді. Бұған дейін құрама тек республикалық біріншіліктердің жүлдегерлері атанған болатын. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Мемлекет басшысы Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
«Қордай» өткізу пункті қайта жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу пунктін қайта жаңартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
#АрысБізБіргеміз. Жамбылдықтар төрт медициналық көлік жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік айлық жалақысын аударды, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Ертеңнен бастап Алматыда туристік автобустар жүретін болады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 26 маусымнан бастап Алматыда алғаш рет Гонконг және Лондон қалаларының үлгісі бойынша екі қабатты туристік автобус іске қосылады.
-
Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен M-1 Challenge турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 маусым күні Нұр-Сұлтанда «Барыс-Арена» көпфункционалды спорт кешенінде аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102 #ДругойТы_ в KAZ MMA турнирі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қызылордалықтар #Арысбізбіргеміз акциясына атсалысуда
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының халқы Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуда.
-
Арыс маңында арнайы жедел штаб жұмыс істеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданы Ақжол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы мектепте арнайы штаб жұмыс істеуде.
-
Арыстық оқушылар Павлодардағы лагерьлерде демалады
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі төрт қала сыртындағы лагерь Түркістан облысы Арыс қаласының 300-ден астам оқушысын қабылдауға әзір
-
Өтемақы мәселесі. Зардап шеккен әр үй бойынша жеке-жеке шешім қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Арыстағы тұрғын үйлердің көбі сақтандырылмағанын айтты.
-
Арыс қаласының жүздеген оқушысы Ақтөбеде демалуы мүмкін
Арысқа көмекті ақтөбеліктер де жіберді. 24 мың тонна азық-түлік пен балаларға қажетті құралдар бүгін Түркістан облысына жол тартты. Тағы 5 миллион теңге қаржы жөнелтілді.
-
Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектесуге ниет білдірді
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен
кездесуде жапон компаниясының өкілі осыны мәлімдеді.
-
Президент Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
БАҚ өкілдері Арыс қаласының жағдайымен арнайы барып танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты өңір журналистеріне қаланың бүгінгі жай-күйімен танысу және өзге өңірлердегі халықтың алаңдаулы сауалдарына жауап беру мақсатында пресс-тур ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Министр жастар үшін қанша пәтер салынатын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев халық алдындағы есептік кездесуінен кейін өткен баспасөз жиынында жастарға арналып қанша пәтер салынатынын айтты.
-
Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы дәл қазіргі уақытта мемлекеттік қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1000 адамды қабылдауға дайын. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Ақтөбе мешіттері Арыстағы жағдайға асар ұйымдастырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде арнайы штаб құрылды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Astana Hub технопаркі қазақстандық стартаптарды халықаралық аренада дамытуға атсалысады
Astana Hub технопаркі шетелден инвестиция тарту
үшін, технологиялық кәсіпкерлік саласында халықаралық аренада қазақстандық
стартаптардың ауқымын кеңейту үшін және оларды танымал ету үшін қазақстандық стартаптарды ақысыз дамытуға
атсалысады.
-
#АрысБізБіргеміз. Алматыда гуманитарлық көмек орындары ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы халқы Арыс жұртшылығына гуманитарлық көмек жианап жатыр.
-
Оралмандарға құжат беру жеңілдетілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде жақын уақытта оралмандарға бүкіл құжаттарын бір жерге тапсырып, бір жерден алу мүмкін болатынын айтты.
-
Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданының атауын Бейімбет Майлин ауданына өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Президенттің тапсырмасынан кейін журналистердің кәсіби мерекесі қалай тойланады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекітуге тапсырма берген болатын.
-
Арыстағы жарылыс. Жедел жәрдем бригадалары сақадай сай - ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қазір жедел жәрдем бригадалары сақадай сай екенін айтты.
-
«Жусан» операциясы: Қақтығыс аймағынан елге 524 азамат оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жусан» гуманитарлық операциясы нәтижесінде Қазақстанға қақтығыс аймағынан 524 азамат оралған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
-
Мемлекет басшысы Монғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы 2025 жылға дейін әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екі жылда қоғамдық кеңестер Үкіметтік емес ұйымдардың 12 мыңнан астам жобасын қараған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
-
Нұр-Сұлтанда «Kóshpendiler Álemi» атты VI халықаралық фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 28-30 маусым күндері «Kóshpendiler Álemi» атты көшпенділер этномәдениетінің кезекті IV халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Павлодар облысында 2019 жылы бір үшем және 40 егіз туған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында өңірде 3660 сәби дүниеге келген. Бұл туралы рavlodarnews.kz сайты хабарлады.
-
Биыл мемлекеттік тапсырыспен 43 сериал түсіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев алты айда ақпарат саласында атқарылған шаралар туралы есеп берді
-
Солтүстiк Қазақстанда жастар кәсiпкерлiгiн дамытуға 200 млн теңге бөлiнедi
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жастармен кездестi. Бейресми кездесуде жастар өздерiнiң идеяларын және ұсыныстарын айтты. Өңiр басшысы жастарды кәсiпкерлiкпен айналысуға шақырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
-
Димаш Құдайбергеннің фанаттары мектепке барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеге әлемнің әр түкпірінен Димаш Құдайбергеннің фанаттары келіп, әнші оқыған мектепке, музыкалық колледжге барды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Абаев қызметкерлерінің бір күндік жалақыларын арыстықтарға аударатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуін Арыстағы жағдай туралы бастады.
-
Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас Прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды, деп хабарлады прокуратура сайты.
-
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету жөнінде үндеу жолдады
Арыс қаласындағы апатты жағдайға байланысты ҚР
Кәсіподақтар федерациясы апаттан зардап шеккен аймаққа жан-жақты материалдық, әлеуметтік және
психологиялық көмек көрсету жөнінде үндеу
жолдады.
-
#АрысБізБіргеміз. Шығыс Қазақстанда арыстықтарға көмек көрсететін арнайы штаб құрылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өңір басшысының қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.
-
#АрысБізБіргеміз. Тоқаев бір күндік жалақысын аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек қорына бір күндік жалақысын аударды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөзхатшысы Берік Уәли twitter-дегі парақшасында жазды.
-
#АрысБізБіргеміз. Атыраудан дәрігерлер жолға шықты
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулықтар зардап шеккен Арыс жұртына көмек жинап, қолдау көрсетуді бастап кетті. Таң атысымен «Нұр Отан» партиясына азық-түлігін, киім-кешек, тұрмыстық тауарларын арқалап келіп жатқандар көп. Кәсіпкерлер қап-қабымен, қарапайым халық сөмкелеп әкеліп жатыр
-
#АрысБізБіргеміз. Павлодардан гуманитарлық көмек жөнелтіледі
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайда зардап шеккен азаматтардың жағдайына бейжай қараған жоқ.
-
Елорда тұрғындарына жауап беретін байланыстың жаңа түрі қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, сұраныстарына уақытылы жауап беру үшін үшін байланыстың жаңа түрі іске қосылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Facebook парақшасында хабарлады, деп жазды astana.gov.kz.
-
Арысқа көмектесуге санитарлық авиацияның 2 тікұшағы дайын - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін денсаулық министрлігі барлығын істеп жатыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты
-
Кәсіпкерлікті несиелеуге микронесиелеу ұйымдары да қатысады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Инвестициялық салықтық несиенің жаңа мехинизмі енгізіледі. Ол жаңа кәсіпкерлер мен компанияларға алғашқы жылы салық төлемеуге, тек несие алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов баспасөз мәжілісінде айтты.
-
#АрысБізБіргеміз. «Азаматтық альянс» бір күндік жалақыларын аударды
Түркістан облысы, BАQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы «Азаматтық альянс» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жамалбек Шәріпбек Арыстағы төтенше жағдайға байланысты ұжымның атынан бір күндік жалақыларын қорға аударғанын айтты.
-
Арыста жарылыс тоқтағанымен қауіп әлі де бар - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласынан 97 шақырым қашықтықта орналасқан Арыс қаласындағы жарылыс тоқтағанымен, жарылыс қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин айтты.
-
Елордада «Еуразияның таза жағалауы» сенбілігі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусым күні елорда тұрғындарын «Еуразияның таза жағалауы» акциясы аясында қала көшелерін тазалауға шақырады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.
-
АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды – Трамп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының президенті болып сайлануына орай, АҚШ президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Жылына 530 мың отандасымызды жұмыспен қамтуымыз керек – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы базалық зейнетақының жаңа форматы енгізілген, соның арқасында бүгінгі күні орташа зейнетақы 85 785 теңгені құрауда. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.
-
Шымкент қаласындағы 15 эвакуациялық жинақтау пунктерінде жағдай бірқалыпты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік, киім-кешек пен азық-түлік жеткізілген. Аталған орындарға Шымкент қаласы волонтерлық корпусының 500-еріктісі жұмылдырылған, деп хабарлады Жастар ресурстық орталығының "Қоғаммен байланыс және ақпараттық талдау" бөлімі.
-
Асқар Жұмағалиев ірі корпорацияларды отандық стартаптар мен IT компанияларды қолдауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бүгінгі Үкімет отырысында ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың 1% қаражатын ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар цифрлық жобаларға бағыттау бастамасын қолдауға шақырды.
-
«Композитор» фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Композитор» көркем фильмі 2 марапатқа лайық деп танылды, деп хабарлады "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі.
-
Арыстағы жарылыс. Қаладағы үш қару-жарақ қоймасының екеуіндегі өрт сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыстағы арнайы штабтан тікелей эфирде қосылған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады.
«Бүгінде қаладағы үш қойманың екеуіндегі өрт сөндірілді. Бір қойма әлі түтіндеп жатыр. Жарылыс қаупі сақталуда. Саперлер тобы түрлі аумақтарда жұмыс істеуде.
-
Қорғаныс министрлігі Арыстағы әскери бөлімнен оқ-дәріні тасымалдап үлгермегенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов Арыстағы әскери бөлімше қоймаларындағы оқ-дәрілер туралы айтты.
-
Қорғаныс министрлігі Арыста қайтыс болған екінші адамның атын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі Арыс қаласында орын алған жарылыс салдарынан қаза болған әскери қызметшінің атын жариялады.
-
Мамин президенттің сайлауалды қағидаттарын іске асыру үшін мемлекеттік органдарға тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асырудың нақты іс-қимыл жоспарын іске асыру барысы талқыланды
-
Арыстағы жарылыс. Қалаға әзір қайтуға болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыстағы арнайы штабтан тікелей эфирде қосылған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады.
-
#АрысБізБіргеміз. Қызылорда облысынан көмек жіберілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, азық-түлік жіберілуде.
-
Арыста ұялы байланыс проблемасы неден туындағаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Арыс қаласында туындаған ұялы байланыс мәселесіне қатысты Үкімет кулуарында пікір білдірді.
-
Арыстағы түлектер ҰБТ тапсырып үлгерді ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласында 779 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 30 маусымға дейін жалғасатын байқау сынағына Арыс қаласының түлектері толықтай қатысып үлгере алды ма? Бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жауап берді.
-
ҰБТ-ның 5 күніндегі нәтиже қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҰБТ-ның 5 күндегі нәтижесі белгілі болды. Кеше Түркістан облысында бір түлек 140 балл жинаған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.
-
Арыстағы балалардың бәрі ата-анасымен қауышты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыста эвакуацияланған балалардың барлығы ата-анасымен қауышты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.
-
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізіледі – Жеңіс Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылдың соңына дейін 2020-2025 жылдарға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабыладанады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты.
-
#АрысБізБіргеміз. ІІМ екі адамның қалай қаза тапқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Арыстағы төтенше жағдайдан екі адамның қаза тапқанын ресми түрде растады.
-
Тұрғымбаев Арыста адасқан барлық бала ата-анасына тапсырылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан кейін барлық бала табылып, олар ата-анасына тапсырылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
-
Арыста тонау және ұрлау фактісімен үш адам ұсталды – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында Арыстағы төтенше жағдайға байланысты құқық қорғау қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
-
#АрысБізБіргеміз. 100 шақты бала ата-анасына табысталды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы Ақмешіт мешітінде Арыс қаласындағы жарылыстың салдарынан жан сауғалып қашып келген жұрттың бірі ата-анасын, бірі балаларын, туған-туыстарын іздеп сабылып жүр.
-
Медициналық қызмет көрсетудің жаңа форматтары енгізіледі – Қаржы министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Нәтижесінде жалпы практика дәрігеріне жүктеме 1700 адамға дейін төмендейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смаилов ҚР Үкімет отырсында айтты.
-
Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру үшін шаралар қабылданады – қаржы министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы дайындалады. Оның шеңберінде бизнесті жаңа форматта қолдау жалғасады. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Әлихан Смаилов Үкімет отырсында айтты.
-
Мамин Арыс қаласының қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында Арыс қаласы төтенше жағдайдан кейін қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін айтты.
-
Қасымбек Арыста қанша тұрғын үй жарылыстан зардап шеккенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлер туралы айтты.
-
#АрысБізБіргеміз. 15 адам жан сақтау бөлімінде, оның екеуі – бала
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында Арыстағы төтенше жағдайға байланысты көрсетілген медициналық қызметтер мен зардап шеккен адамдар туралы айтты.
-
Арыстағы оқиғадан екі адам қаза тапты – Асқар Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында ең алдымен Арыстағы төтенше жағдай туралы баяндады.
-
Арыстағы жарылыс. 47 халықты орналастыру орталығында 4 мыңнан астам адам бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Арыс қаласындағы оқиғаларды мұқият қадағалап, балаларды қаладан көшіруге және оларды жайластыруға белсенді түрде атсалысады.
-
ОҚМУ «Арыс,біз біргеміз!» акциясына қолдау көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын аударып, оқу орнының жатақханаларынан арнайы орындар дайындады.
-
25 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде ауа райы тұрақсыз болып, найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстікте және шығыста тұман түседі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн ашық болады.
Наверх