Медициналық қызмет көрсетудің жаңа форматтары енгізіледі – Қаржы министрі

25 Маусым 2019, 10:10
1448
Бөлісу:
Медициналық қызмет көрсетудің жаңа форматтары енгізіледі – Қаржы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Нәтижесінде жалпы практика дәрігеріне жүктеме 1700 адамға дейін төмендейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смаилов ҚР Үкімет отырсында айтты.

Министр жиын барысында медициналық қызметтің сапасы және қолжетімділігі бойынша атқарылатын шараларға тоқталды.

«Бұл салада қызмет көрсетудің жаңа форматтары енгізіледі. Кадрлар тапшылығы төмендейді, медициналық көмек алу мүмкіндіктерін кеңейтуді қарастыратын денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Нәтижесінде жалпы практика дәрігеріне жүктеме 1700 адамға дейін төмендейді. Бұл бізді экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандартатрына жақындатады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол таяудағы үш жылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары 11 мың бірлік медициналық техникамен жарақтандырылатынын жеткізді.  

«Жаңа 595 нысан ашылады. 228 нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. Дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау күшейтіледі. Көтерме және бөлшек сауда бағаларын төмендетуді ынталандыру жөніндегі шаралар қабылданады. Міндетті әлеуметітк медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді ескере отырып 2020 жылы 1 тұрғынға медициналық көмек көрсетуге арналған шығындар 92 мың теңгеге дейін ұлғаяды», - деді министр. 

Сөз арасында ол әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесі бойынша әлеуметтік көмектің ашықтығы мен атаулығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік қолдаудың кепілдік берілген көлемінің бірыңғай стандарттарын белгілеуге баса назар аударылатынын айтты. Бұл тұрғыда ұзақ мерзімді өзекті моделдерлі құру негізінде зейнетақы жүйесі одан әрі жаңғыртыла бермек.
Өзгелердің жаңалығы