Мемлекет басшысы Монғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті

25 Маусым 2019, 16:47
1463
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Монғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Біздің Монғолиямен ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағдаластықтары бар», - деді Мемлекет басшысы.

Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның қызметіне табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы