Арыс балаларын Жамбылдағы жазғы лагерлер қабылдауға дайын

25 Маусым 2019, 23:16
1444
Бөлісу:
Арыс балаларын Жамбылдағы жазғы лагерлер қабылдауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында болған апаттың салдарынан тұрғындар үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың дені Шымкент қаласында мешіттер мен жатақханаларға жайғастырылды. Зардап шегуші тұрғындардың бірқатары бүгін таңға жуық Жамбыл облысқа да келді. Жансауғалап келген 108 ағайын облыстық мешітке жайғасты.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов мешітке келіп, көрші облыстан келген топпен жүздесті. Өңір басшысы дүмпуден дүрліккен жұртты сабырға шақырып, бұл барша қазақстандықтар үшін ауыр жағдай болғанын жеткізді.

Асқар Исабекұлының тапсырмасымен мешітке тұрақтаған арыстықтарға қолайлы болуы үшін өз алдына жатақхана, монша ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, ыстық тамақ, өзге де тұрмысқа қажеттіліктердің бәрі қарастырылуда. Өңір басшысы Арыстағы балаларды Жамбыл облысындағы жазғы лагерлерде демалдыру үшін де қажетті шаралар қабылданатынын айтты. Оларға мұнда жағдай бір жақты болғанша қалағандарынша тұрақтануларына болады.

Сондай-ақ, кеше түнде оңтүстік өңірді бетке алған жолаушылар пойыздары оқыс оқиғаға байланысты Тараз қаласының теміржол бекетінде уақытша тоқтап қалған болатын. Дегенмен, Жамбыл облысының басшылығы 55 орынды «Setra» маркалы 10 автобус, 18 орынды 10 шағын автобусты дайындап, діттеген мекеніне жетуге асыққан азаматтар үшін бар жағдай жасауда. Бұл секілді жұмыстар Шу, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарында да ұйымдастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы