#АрысБізБіргеміз. «Азаматтық альянс» бір күндік жалақыларын аударды

25 Маусым 2019, 13:19
2151
Бөлісу:
#АрысБізБіргеміз. «Азаматтық альянс» бір күндік жалақыларын аударды
Фото: автордан

Түркістан облысы, BАQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы «Азаматтық альянс» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жамалбек Шәріпбек Арыстағы төтенше жағдайға байланысты ұжымның атынан бір күндік жалақыларын қорға аударғанын айтты. 

«Біз кеше Арыс қаласының тұрғындарын эвакуация жасап жатқанын ести салысымен, өзіміздің мәслихаттың хатшысымен бірге штабқа хабарласып, адамдарды қай жерге апарып жатыр, сол жерге барып көмектесейік дедік. Тұрғындарды Бәйдібек пен Созақ ауданына апарып жатыр екен. Аудан әкімдеріне хабарласып едік, қазір 80 адам бар, тағы 100-ге жуық адам келеді деп айтты.  Бізге ең бастысы нан ала келіңдер деді. Көліктің багажына сыйғанша нан, ас-суымызды алып алдық. Келген соң Бәйдібек, Созақ ауданының әкімдерімен кездестік. Олар келген адамдарға кешкі астарын бергелі жатыр  екен. Кешкісін Арыс қаласынан келген адамдарды сол жерден 2 автобуспен Ордабасы ауданы, Төреарық деген елді мекендегі мектепке апарды. Сол жерге еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды өз көзімен көріп, халықпен кездесуге келді. Президентпен бірге біраз басқа да басшылар келді. Мен де сол жиынға қатыстым. Мемлекет басшысы төтенше жағдайдан задап шеккендерге көмектесетінін айтып, оларды сабырға шақырды», - деді Жамалбек Шәріпбек. 

Оның айтуынша, Арыста болған жайттан халық абдырап қалса да дер кезінде қол ұшын созып жатқан азаматтардың қамқорлығы, әркім мүмкіндігіне қарай ақшалай, заттай көмектесіп жатқанына риза екендігін атап өтті. 


Өзгелердің жаңалығы