#АрысБізБіргеміз. Павлодардан гуманитарлық көмек жөнелтіледі

25 Маусым 2019, 14:17
1692
Бөлісу:
#АрысБізБіргеміз. Павлодардан гуманитарлық көмек жөнелтіледі
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайда зардап шеккен азаматтардың жағдайына бейжай қараған жоқ.

Павлодарлықтар «Арыс. Біз біргеміз» акциясына қатысады. Гуманитарлық көмек ұйымдастырылған жер Nur Otan партиясының облыстағы филиалының ғимаратында орналасқан. Зардап шеккен азаматтарға қажетті заттарды жинау штабы тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта павлодарлықтар бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, төсек-орынға арналған дүниелер мен күнделікті тұрмыста аса қажет нәрселерді әкеліп жатыр.

Жауапты мамандардың хабарлауынша, әзірге кәсіпкерлер мен тұрғындар көмек жинап жатыр.

«Апат айтып келмейді. Осындай жағдай кез келгеніміздің басынан өтуі мүмкін. Сондықтан, қиын кезде отандастырымызбен бірге олу керек. Біз қазіргі уақытта көмек жинап жатырмыз. Барша жұрт атсалысуда», - дейді кәсіпкер Гүлмира Нұрханова.

Айта кетейік, Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында облыс басшылығының ұйғарымымен балаларды жазғы лагерьге қабылдау туралы шешім қабылданды.

«Арыс елді-мекенінде болған оқиға туралы барлығымыз xабардармыз. Дәл осындай қиын сәтте барлық ел болып қол ұшын беруіміз керек. Сондықтан Павлодар облысы Арыстың 300 баласын аймақтың жазғы сауықтыру лагерлерінде қабылдауға дайындығын білдіреді. Сонымен қатар, Арыс тұрғындарына көмек жинау үшін арнайы пункт құрылды. Арыс тұрғындарының өз үйлеріне аман-есен оралуларына тілектеспін!»- деп хабарлады облыс әкімі Болат Бақауов. 

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы