Арыстағы түлектер ҰБТ тапсырып үлгерді ме?

25 Маусым 2019, 11:05
2444
Бөлісу:
Арыстағы түлектер ҰБТ тапсырып үлгерді ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласында 779 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 30 маусымға дейін жалғасатын байқау сынағына Арыс қаласының түлектері толықтай қатысып үлгере алды ма? Бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жауап берді. 

«Арыста Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын бір пункт болатын. Ол қаладағы  №1 мектепте орналасқан. Жалпы, бұл өңірде 779 түлек тест тапсыруға өтініш қалдыған еді. Соның ішінде 772-сі тестілеуден өтті. Яғни 98 % тапсырды. Олар 21 және 23 маусым күндері екі лекпен тапсырды. Кеше 24 маусымда сағат 09:00-де апеллияциялық №1 мектебінде апелляциялық комиссия өз жұмысын бастаған болатын. Өкінішке қарай, сол уақытта әскери бөлімшедегі жарылыстан кейін комиссия жұмысы тоқтап қалды», - дейді Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, зардап шеккен ешкім жоқ. Арыс қаласында білім және ғылым министрлігінің 12 өкілі  жұмыс істеген. 

«Қазіргі уақытта министрліктің 12 мүшесі Шымкент қаласында. Енді, 10-ы елордаға қайтады. Тек комиссия төрағасы сонда қалады. Жағдай тұрақталған соң бұл апелляцияны өткізетін боламыз. Өйткені, апелляцияны өткізіп үлгермедік. Әлі 30 маусымға дейін уақытымыз бар. Егер үлгермей жатсақ, оның уақытын созамыз», - деді министрлік өкілі.
Өзгелердің жаңалығы