Все новости за 19 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
«Ақ жолдан» президенттікке әйел адам үміткер болуы мүмкін
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезіне Ақтөбеден алты делегат қатысады.
-
Халықаралық Qazaq kuresi федерациясына 2 жыл толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда және шет мемлекеттерде ұлттық спорт – қазақ күресін танытып жүрген Халықаралық Qazaq kuresi федерациясына екі жыл толды.
-
Атырауда «Саз пернелі Сарайшық» байқауы өтеді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда алғаш рет Халықаралық домбыра фестиваль-байқауы өтеді. Түркітілдес халықтар арасында өтетін «Саз пернелі Сарайшық» фестиваліне Қазақстанның барлық аймағынан және шет елдерден келген өнер ұжымдары қатысады.
-
Медеу паркінде 100-ден аса көшет отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көшеттер «Саябақтар шеруі» акциясы аясында егілді. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасы хабарлады.
-
Атырауда жыл басынан бері шамамен 7 мың жүргізушіге куәлік берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда 26 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 7 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілді. Бұл мұнайлы өлкедегі ХҚКО-ның алғашқы 5 айдағы жұмысы, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Сенат төрағасы Санкт-Петерборда екіжақты кездесулер өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-ның 46 мың тұрғыны атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрімен қамтылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет делегациясы кешелі-бүгінді Шығыс Қазақстанның Семей және Өскемен қалалары тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралады.
-
Бала дауысы – Атырауда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда республикалық «Бала дауысы» ұлттық ән байқауына іріктеу өтті.
-
Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылы аясында байрағын көтерген Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатында Жамбы ату ойынының жеңімпазы анықталды.
-
Еліміздің одан әрі дамуының бағытын анықтауымыз керек – Айман Мұсақожаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақ ұлттық өнер университеті Ж. Жабаев атындағы залында «Кезектен тыс сайлау – Демократиялық жолда» тақырыбында ҚР Музыка қайраткерлері одағының отырысы өтті.
-
Бірлігіміз ажырамасын – еврей мәдени орталығының төрайымы
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы жұмысын бастады. Елдегі татулық пен бірліктің артуына Ассамблеяның септігі мол.
-
Атырауда жер қатынастары саласы мамандары марапатталды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев сала ардагерлері мен үздіктерінің басын қосып, елге сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.
-
Шымкенттік мәслихат депутаттары Президент сайлауын насихаттады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
-
Атыраудың барлық мектебіне Әскери прокуратура кадеті ашылсын – Ноғаев
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтіп, аймақтағы жастардың мәселесі қозғалды.
-
Лондондағы Федерация кубогы: Зарина Дияс алғашқы матчта өнер көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.
-
Отандық дизайнерлер ALTYN OIMAQ ұлттық байқауында бас қосады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз айында басталған отандық дизайнерлер арасындағы «ALTYN OIMAQ» байқауына еліміздің әр өңірінен дизайнерлер өтінім беріп жатыр.
-
Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлтайыр Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Париж Құдай Ана соборының өртену себебі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Париж қаласының тергеушілерінің мәлімдеуінше, Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт тоқтың тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.
-
Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық оқушылар экология проблемасын шешуге атсалысуда.
-
Тоқаев Қаржы министріне мемлекеттік бюджетке түсімді көбейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Елімізде қазақ тілін креативті оқытып жүрген үздік ұстаздар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 18-19 сәуір күндері M.S. Narikbaуev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Қазақ және орыс тілдері департаменті оқытушылары мен Қазақ тілін креативті оқыту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен мектеп, колледж және университет мұғалімдері, оқытушылары арасында «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауы өтті.
-
Батыс Қазақстанда өртке қауіпті аудандарды әуеден барлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуеден барлау бірнеше аудан мен Орал қаласы аумақтарында жүргізілді.
-
Елордада еуразиялық халықаралық кітап көрмесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Eurasian Book Fair 2019 – еуразиялық аумақтағы ірі кітап жәрмеңкесі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
ҚХА сессиясына қатысқан сайын қанаттанып қайтамын – Елена Цибульская
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбелік поляктар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына дайындалып жатыр. Сессия сайын жұмыстары жанданатын «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Цибульская өз пікірін білдірді.
-
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қар жауып, көктайғақ болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа температурасы түнде -3 -5, күндіз +6 +8 С шамасында болады деп күтілуде.
-
Астанада жас режиссердің авторлық фильмдерінің таныстырылымы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық кинематографистер – Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілдаеваның "Тиын" және "I' m going to Paris" драмалық картиналарының тұсаукесері өтті.
-
Мектепте оқушыдан Асан қайғы мен Қобыландыға хат жазу талап етілуде – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біздің әдебиетімізді, әсіресе уақыт сынынан өткен классикалық үлгідегі әдебиетімізді балаларымыз мектепте оқи алмау қаупі бар. Оған жазушыларымыздың көпшілігі назар аудара бермейді. Бұл туралы 2018 жылы шыққан көркем шығармаларды талқылауға арналған жиында филология ғылымдарының докторы, профессор Жаңғара Дәдебай айтты.
-
Түркістан облысында 600 шақырым жол пайдалауға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылы Түркістан облысында жалпы ұзындығы 968 шақырым жол мен 5 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Қазақстанда туристік полиция құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елімізде туристік полиция құрылатыны туралы мәлімдеген болатын. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Cен өмірді құтқара аласың». Елордада шеберлік сыныбы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және «Астана» Оқу-клиникалық орталығы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында астанамыздың барлық ниет білдірген тұрғындары мен қонақтары үшін «Сен өмірді құтқара аласың!» атты тегін шеберлік сыныбы өткізілді.
-
Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң жобасы қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Алматыда «Тұрғындар үшін қолжетімді сервис» порталы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЭЦП кілті арқылы тұрғындар ПИК-терді таңдап, ауыстырып, онлайн есептерді көріп, шығындар сметасына дауыс беріп, үйден шықпай-ақ онлайн жиналыстар өткізе алады.
-
Президент сайлауы – 2019. Азаматтық қоғам белсенділері пікір алмасты
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Президент сайлауы – 2019: рөлі мен маңызы». Азаматтық қоғам институттары белсенділері осы тақырыпта А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткен дөңгелек үстелде пікір алмасты.
-
Түркістан облысында тамшылатып суғару әдісімен мол өніп алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында «Весна» шаруа қожалығы гектарына 400 центнерден өнім алуда. Қазіргі таңда бұл аудандағы рекордтық көрсеткіш.
-
Президент сайлауы – 2019. Көптің көкейіндегісін дөп басқан шешім көрегенділікпен қабылданған
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам қайраткері, Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуіне қатысты пайымын жеткізді.
-
Балалар әдебиетінің қазіргі ахуалы мәз емес – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тәрбиелік мәні зор балалар әдебиетінің қазіргі қал-ахуалы кереметтей деп айта алмаймын. Себебі мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың ішінде балалар әдебиеті ілуде біреу ғана кездеседі. Жоқтың қасы. Ал шыға қалса, таралымы 200-300 данадан аспайды. Бұл туралы жазушы Арасанбай Естен Жазушылар одағында өтіп жатқан жиын барысында айтты.
-
Атырауда 25 мың пәтерлік ықшамаудан салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа ықшамауданды «Мұнайлы астананың» басты құрылыс алаңы – «Контейнерный» маңында орналасқан Береке елді мекенінде тұрғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ATPress.
-
Ұлы даланың фольклорын біліп өскен ұрпақ ешқашан ұтылмайды – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында бүгін «Дала фольклорының антологиясы» атты ерекше жобаны таныстырғаны туралы жазды.
-
Көркем шығармаларда «көретін боламыз» деп орыс тілінің орамымен сөйлейтін кейіпкерлер көбейді – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір журналист жазушылар көбейіп кетті. Солардың көбі термин сөзді тақырып етіп алады. Мысалы, «Лифты», «Бильярд», «Подъезд» деген әңгімелер көбейіп кетті. Бұл туралы 2018 жылы шыққан көркем шығармаларды талқылауға арналған жиында проза кеңесінің төрағасы, жазушы Қуандық Түменбай айтты.
-
ҚМДБ 7 компаниядан халал сертификатын қайтарып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС барлығы 30 компанияға халал сертификат тапсырып, 7 компаниядан халал сертификатын қайтарып алды, деп жазады muftyat.kz.
-
Айтыскер ақындар бастаған республикалық тур 22 қаланы қамтиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық турына арналған баспасөз-конференциясы өткізілді.
-
«Дала фольклорының антологиясы» жинағы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Дала фольклорының антологиясы» атты жинақтың тұсаукесері өтті.
-
Ауа райының қолайсыздығынан елордадағы сенбілік басқа күнге ауыстырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бас қаладағы алғашқы жалпықалалық сенбілік басқа күні өтеді. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.
-
Президент сайлауы – 2019: Кандидаттардың қазақ тілін меңгеруі қалай тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтайтын емтихан қалай өтетіні айтылды.
-
20-22 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 20-22 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Ухань - студенттер мекені
Қытайда және қытайша оқу қиын ба? Қытайдағы ең танымал қазақстандық. Студентке жұмыс істеуге бола ма? Алаяқ делдалдардан кім қорғайды? Тәртіп мәселесі.
-
Ата-бабадан дарыған кеңпейілділік баянды өмірге жеткізіп отыр – Мейрамбек Қиықов
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Санаулы күндерден соң елордада төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясы ашылады. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов тарихи жиында еліміз үшін тағы бір тарихи белестің парағы ашылып, тың міндеттер мен мүмкіндіктер айқындаларына сенімді.
-
Президент сайлауы – 2019: Кандидаттардың қазақ тілін білуін бес ғалым анықтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен президенттікке кандидаттардың қазақ тілін меңгеруін анықтайтын лингвистикалық комиссия мүшелерін таныстырды.
-
Юлия Путинцева: Командаға пайдамды тигізу үшін аянып қалмаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтеді.
-
Нұр-Сұлтанда 6 мемлекет ғалымдары жастар мәселесін талқылап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр.
-
Президент сайлауы – 2019: Кандидаттың 107 психикалық ауруы бар-жоғы тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ҚР Президенттігіне кандидаттардың медициналық қорытындысына қойылатын талаптарды баяндады.
-
Лондонда наразылық акциясына қатысқан 428 адам қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда климаттың өзгеруіне қарсы шеру өткізіп жатқан табиғат қорғаушылары Хитроу әуежайына жолды жауып тастайтынын айтып сес көрсетті, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Ресейлік дәрігерлер күрделі ортопедиялық ота жасауды үйретуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 қалалық балалар ауруханасы базасында шетел мамандарын тарту арқылы ортопедия және анестезиология бойынша шеберлік-сабақтары өткізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Алматыдан 71 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы уақытымен 9 сағат 55 минут 25 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.
-
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті фермерлер өз өнімдерін жексенбі күні ұсынатын болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Нұр-Сұлтанда қар жауды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік пен Шығыс Қазақстандағы құбылмалы ауа райы астанаға да жетті.
-
Азия чемпионаты. Жамбы атудың жампоздары кімдер?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылындағы «Байсерке» атшабарында өтіп жатқан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының бүгін төртінші күні.
-
Қазақстан-Оңтүстік Корея тауар айналымы 3,9 млрд АҚШ долларын құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына байланысты Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ким Дэ Сикті қабылдады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қазақстан Республикасының Жазушылар одағында 2018 жылы шыққан көркем шығармаларды талқылауға арналған жиын өтіп жатыр.
-
Корея Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да жақсы жолдардың үлесі артады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс Қазақстандағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды, елді-мекендердегі көшелерді жөндеуге бюджеттен 19,9 миллиард теңге қарастырылды.
-
Отандық боксшылар әлі басталмаған Азия чемпионатында екі медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасы Таиландта өтетін Азия чемпионаты басталмай тұрып екі медальға қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
-
Түркістан жастары астаналықтарға 1000 түп қызғалдақ сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана қаласының Нұр-Сұлтан атану құрметіне және Жастар жылына орай Түркістан облысының жастары елордаға 1000 (мың) түп қызғалдақ гүлін сыйға тартты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядағы турнирде жартылай финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белградта әйелдер арасында бокстан халықаралық Belgrade Winner турнирінің ширек финалының бірінші күні өтіп, қазақстандық алты спортшы қыз бақ сынады. Олардың үшеуі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы Олимпик.кз хабарлады.
-
Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік қылмыстан 5 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда елді елең еткізген жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады "Хабар 24".
-
Президент сайлауы – 2019. Сайлаудың маңызы тек жәшікке қағаз түсіре салу емес
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірді.
-
Биыл аз қамтылған 582 шығысқазақстандық баспаналы болады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің барлығы, яғни 60 мың бала 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл жөнінде Nur Otan партиясы ШҚОФ ХХІІІ-ші партиялық конференциясы барысында айтылды.
-
Сарыарқадан Жетісуға дейін: Мажар ғалымдары экспедицияны қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрия астанасы Будапешт қаласында «Қазақстандағы мажарлар: тарихы мен бүгіні» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
-
7-20-25: Қостанай облысы несие беруден сегізінші орында
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінге дейін «7-20-25» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктерге шамамен 2 млрд 989 млн теңгеге есептелген 421 өтінім түскен. Оның ішінде 273 өтінім (1 млрд 950 млн теңге) мақұлданған. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы республикада сегізінші орында тұр.
-
19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Наверх