Атырауда жер қатынастары саласы мамандары марапатталды

19 Сәуір 2019, 20:26
3400
Бөлісу:
Атырауда жер қатынастары саласы мамандары марапатталды
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев сала ардагерлері мен үздіктерінің басын қосып, елге сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты. Қызметкерлер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісін иеленді.

«Мен жер қатынастары саласында 2001 жылдан бері еңбек етіп келе жатырмын. Қазір қала бойынша 13 маман қызмет атқарады. Ұстаздарым жер қатынастары саласының қыр-сырын үйретіп, үлкен тәлім-тәрбие берді. Еңбегім еленіп, марапатталып жатқаныма қуаныштымын әрі өте ризамын», - деді «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісінің иегері Раушан Маратқызы.

Атырауда жер қатынастары саласы мамандары марапатталды

Сондай-ақ, білікті мамандар мен сала ардагерлерін ұлықтауға Атырау облыстық мәслихаты мен облыстық ардагерлер кеңесі де үлес қосқан. Бүгінде жерге орналастыру бойынша облыста 30-дан астам маман жұмыс жасайды.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев олардың еңбектеріне жеміс тіледі.

«Сіздердің сызбаларыңыз, біреулеріңіздің ондаған, жүздеген шақырым жаяулатып жасаған еңбектеріңіздің арқасында біз керек дүниелерімізді қиналмай мұрағаттан алып отырмыз. Сіздердің қосқан еңбектеріңіз тарих болып елде қалды», - деді Әлібек Нәутиев.

Өзгелердің жаңалығы