Атыраудың барлық мектебіне Әскери прокуратура кадеті ашылсын – Ноғаев

19 Сәуір 2019, 19:57
3807
Бөлісу:
Атыраудың барлық мектебіне Әскери прокуратура кадеті ашылсын – Ноғаев
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтіп, аймақтағы жастардың мәселесі қозғалды.

Облыстық білім беру басқарамасы басшылығының мәліметінше, өңірде 174 мектеп және 20 колледж жанында әскери патриоттық клубтар жұмыс жасайды. Солардың бірі – мектеп жанындағы «әскери прокуратура кадет» сыныбы. Бұл сынып 2017 жылы Батыс аймағы әскери прокуратурасы және Атырау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ашылған.

«Кадетке білімге құштар, спортқа бейім 24 оқушы қабылданды. Қазір оқушылар осы кадет сыныбында 2-ші жыл, яғни 8 сыныпта білім алып жатыр. Әскери прокуратура кадетінде оқу бағдарламасымен қатар, арнайы сабақ кестесі бойынша саптық даярлық, қазақ күресі, хореография, вокал, робототехника сынды қосымша сабақтары өткізіледі», - деді Атырау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Аймақ басшысы мұндай тәрбиелік маңызы бар сыныптарды облыс аумағындағы барлық мектептен ашуды ұсынды.

«Әскери прокуратура кадеті жас өскіндерге өте жақсы тәрбие сыныбы. Бұл маңызды сыныпты пилоттық жоба ретінде барлық мектептерде ашуды тапсырамын. Өте жақсы бастама екенін байқауға болады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Атыраудың барлық мектебіне Әскери прокуратура кадеті ашылсын – Ноғаев

Жиында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Батырхан Ақбалиев «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмысы туралы баяндама жасады. Бұл клуб республиканың барлық облысында ашыла бастапты. Мақсаты жастардың патриоттық рухын арттыру, әскери салт-дәстүрді таныту екен.

«Елбасының қойған осы тапсырмасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлерде Республикалық қоғамдық бірлестігі Jas sarbaz әскери-партиоттық қозғалысын құрып, білім беру ұйымдарында тәрбиелік рөлді арттыру керек екенін айтты. Елдің болашағы болып саналатын өскелең ұрпағымызды жан-жақты қолдап, әскери-патриоттық тәрбиелеу ісін дамыту келешегімізге нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретінгі айқын», - деді Батырхан Ақбалиев

Оның сөзінше, алайда Атырау аймағында жас сарбаз клубының жұмысы өте баяу. Өйткені мектептерде арнайы сыныптар жеткіліксіз, бар кабинеттер материалдық базамен толық қамтылмаған.

Сонымен қатар, кеңес отырысында аймақтағы жастар жұмыссыздығы мәселесі көтерілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 7 мыңнан астам жұмыссыз бар.

Өзгелердің жаңалығы