Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік қылмыстан 5 адам көз жұмды

19 Сәуір 2019, 09:40
1829
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік қылмыстан 5 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда елді елең еткізген жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады "Хабар 24".

Жуырда 42 жастағы ер адам Чинджу қаласындағы тұрғын үйлердің бірін өртеп жіберіп, кейіннен жалындаған жалыннан қашып шыққандарға пышақ ала жүгіріп, шабуыл жасаған.

Қаскөйдің қолынан 5 адам қаза тапты. Олардың ішінде 12 жасар қыз да бар. Тағы 6 тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі кезде қылмыскер қамауға алынды. Қаскөйден жауап алу кезінде жағдайы төмен отбасыларға берілетін мемлекеттік көмектің уақытылы берілмегені үшін ашуланып, осындай жантүршігерлік қылмысқа барғанын айтты.




Өзгелердің жаңалығы