Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды

19 Сәуір 2019, 18:14
3878
Бөлісу:
Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық оқушылар экология проблемасын шешуге атсалысуда.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 мектеп-гимназиясында балалар мен ата-аналарға арналған «Болашақтың эко-көпірі» атты халықаралық экологиялық форум өтті. Шараға Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлия Назарбаева, ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Бұған қоса, Қазақстанның барлық аймағынан жиналған мыңнан астам оқушы атсалысты.
Шараға қатысқан оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін, энергия үнемдеу және Қазақстандағы қайта өңдеу саласын дамыту бойынша өз ойларын ортаға салды. 

Ерекше жобалар қатарында оқушылардың үйдегі өрт пен газдың иісін сезіп, сигнал беретін «Ақылды үй» жобасы бар. Жобамен оның авторлары - №73 мектеп оқушылары Балайым Әбдірайым мен Амира Әбдуманап таныстырды. Олар бұл жұмысты жасауға екі апта кеткенін айтты. Қиын болғанымен, өте қызықты болды дейді балалар.

Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды

«Біз үйдегі энергияны үнемдеп қана қоймай, адам өмірінің қауіпсіздігі пен қолайлығын қамтамасыз етеміз. Бізде үш шарт бар: қауіпсіздік, қолайлылық және энергияны үнемдеу. Қауіпсіздік бойынша айтсам, үйге бөтен адам кіріп кетсе, дабыл қосылады. Дабыл қозғалыс датчигінің көмегімен жұмыс істейді», - деді Балайым Әбдірайым.

Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды

Амира Әбдуманаптың айтуынша, төтенше жағдайлардан қорғау үшін де арнайы датчик орнатылған. Ол газ не өрт болса, бірден сезеді де, барлық бөлмеде дабыл жүйесі іске қосылады. 

Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды


Сондай-ақ, «Эко-әлем. Әлемді кім өзгертеді?» деген дөңгелек үстелде жас өрендер өз баяндамаларын жасады. Осы жерде олар еліміздегі эко-қозғалыс мәселесі балалар мен жастардың жетекші рөлге ие екендігін айтты. 
Ұйымдастырушылар келушілерге арнап екі күндік кешенді бағдарлама әзірледі. Ол жерде қолдан жасалған эко өнімдерден бастап, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша smart жүйеге дейін ұсынылған. 

Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды

Форум аясында елорданың барлық білім ордалары қатысатын республикалық «Эко-challenge» байқауының алдын ала қорытындысы жасалды. Аталған байқау экологиялық мәдениетті қалыптастырып, елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап тастауды насихаттауға бағытталған. 
Нұр-Сұлтан қаласынан үздік шыққан 18 мектеп экологиялық мәселелерді шешу жолында модельдеу жобасын, STEM білім беру, эко-қолөнер, IT-технология, әлеуметтік жарнаманы дамыту, дұрыс тамақтану, жаңа әдістеме жасау сияқты ұтымды тәсілдерді жұртшылық назарына ұсынды. Жоба аясында қатысушыларға «ӨКМ Операторы» ЖШС қолдау көрсетті.  

Елордалық оқушылар экологиялық жобаларын ұсынды

Жеңімпаздар арнайы грантпен марапатталады және Халықаралық «Климаттық сандықша» Халықаралық байқауына қатысуға жолдама алады. Сонымен қатар, форумға «Юнеско» қауымдастырылған мектеп оқушылары мен мұғалімдері атсалысты.
 

Өзгелердің жаңалығы