Медеу паркінде 100-ден аса көшет отырғызылды

19 Сәуір 2019, 22:18
2476
Бөлісу:
Медеу паркінде 100-ден аса көшет отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көшеттер «Саябақтар шеруі» акциясы аясында егілді. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасы хабарлады.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі 19 сәуірде жыл сайынғы «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау акциясын өткізді.

Акцияға жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, терек, үйеңкі, қарағай және қайың ағаштарының 100 аса көшетін отырғызды. 

«Саябақтар шеруі» - бұл ұлттық қорықтар мен саябақтарды қолдауға бағытталған халықаралық табиғатты қорғау акциясы, ол жылсайын өткізіліп тұрады және қоғамдық сипатқа ие, сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, қорықтарды, мемлекеттік өңірлік және ұлттық саябақтарды қолдау идеясы төңірегінде барлық табиғатты сүйетін адамдарды біріктіреді.

Акцияның мақсаты - Алматының бірегей, өсімдіктер әлемінің байлығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып есептелетін «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркіне тұрғындардың, қонақтардың және жастардың назарын аударту, сондай-ақ біздің табиғи және мәдени байлығымызға өскелең ұрпақтың мақтанышын, оны аялай білу сезімін тәрбиелеу.

Акцияны өткізу барысында Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің» сарбаздары «Медеу» МӨТП қызметкерлерімен бірлесіп көрнекі өртке қарсы жаттығуларын өткізді. Таулы жерде шыққан өртті сөндірудің үлгісін көрсетті. Барлық қатысушыларға тауда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салды. Акция мерекелік концертпен аяқталды. 

Жалпы, Алматы қаласы әкімдігі бастаған «Jasyl Mеkеn» жалпықалалық акциясының шеңберінде көктемнің соңына дейін қаланың барлық аудандарында 12 мыңнан астам ағаш егу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы