Все новости за 9 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Павлодарлық дәрігерлер денсаулық күнін атап өтті
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық күніне орай аймақтағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары далаға шығып, жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Басты мақсат – жұртшылық назарын денсаулық саласындағы көкейтесті мәселелерге аудару.
-
Президент сайлауы – 2019. Кезектен тыс сайлау өткізу ел тәжірибесінде бар
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық белсенді жас, әлеуметтанушы Нұрсұлтан Қаражан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 9 маусымда кезектен тыс ҚР Президент сайлауы өтетіндігі туралы айтқан үндеуіне қатысты ойын айтты.
-
«Ертіс-Қарағанды» арнасынан су жіберіле бастады
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде су тасқыны кезеңінің екінші толқыны басталды. Шамамен бір аптадан соң Ертіс өзеніне Шүлбі және Бұқтырма су қоймаларынан табиғат қорғау мақсатында су босатылып, шабындық және жайылымдық жерлерге жайылады.
-
Түрікменстан Назарбаеваны Каспий экономикалық форумына шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісі Тойлы Көмековті оның өтініші бойынша қабылдады.
-
Президент сайлауы – 2019. Елбасы белгілеген саяси бағытты іске асыруға серпін береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің сарапшысы Жиембет Жұмағұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауына қатысты жасаған үндеуіне орай пікір білдірді.
-
Президент сайлауы – 2019. ҚР Кәсіподақтар федерациясының Үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдайтынын жеткізді.
-
Отандық спортшы жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аделаида Пчелинцева аз уақыт ішінде жүзуден еліміздің екі рекордын жаңартты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Тоқаев еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жеткілікті қаражат бөлінетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Синоптиктер алдағы жарты жылдың ауа райына болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық коммуникация қызметінде ҚР Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» РМК жылы жарты жылдыққа арналған ауа райы болжамы туралы баспасөз-конференциясы өткізілді.
-
Президент сайлауы – 2019. Сайлауға жаппай қатысу – әрбір қазақстандықтың борышы
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Сайлау тәртібі және билік органдарының сайлануы, демократиялық тұрақтылықтың болашағына ықпал етуші маңызды факторлар қатарына енеді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі, саясаттанушы Мадияр Жұмабеков 9 маусымда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты осындай пікір айтты.
-
Павлодарда электрондық денсаулық құжаттарына мәліметтер 100% енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда барлық 9119 медициналық қызметкер ақпараттық жүйелер бойынша оқытылды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастықты сақтауымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов 2019 жылғы 9 маусымда өтеді деп жоспарланып отырған президент сайлауына қатысты пікірімен бөлісті.
-
Нұр-Сұлтанда химиялық заттарды қауіпсіз басқару мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Павлодарда ауыр қылмыс азаймай тұр
Павлодар, BAQ.KZ. Павлодар облыс прокуратурасының алқа отырысында 2018 жылғы азаматтарға ауыр дене жарақатын келтіру фактілер бойынша қылмыстық істерді тергеу заңдылығының жай-күйі және оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер қарастырылды.
-
Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Елшісі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Жаңа үміткерлермен таныс болуымыз мүмкін
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Темірді қызған кезінде соғу керек» дейді ғой, сол сияқты президент сайлауын уақытында өткізіп алғанымыз дұрыс. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек БАҚ өкілдеріне пікір білдіру кезінде айтты.
-
Президент сайлауы – 2019. Бизнеске ең бірінші тұрақтылық керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуін жариялады. Осыған орай «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Үндеуіне байланысты өңірлердегі бизнестің басын қосып, Басқарманың кеңейтілген отырысын өткізді.
-
Президент сайлауы – 2019. Бұрынғы сайлаулардан бұл сайлаудың жөні бөлек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тезірек Мемлекет басшысын сайлап алып, ары қарайғы даму бағдарламаларымызды жасау керек. Бұл туралы ақын Ғалым Жайлыбай пікір білдіру кезінде айтты.
-
Қызылорда: Әбдіқалықова бастаған үкімет мүшелері әлеуметтік саясаттың іске асырылуын түсіндірді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордаға жұмыс сапарымен келіп, халыққа әлеуметтік саясаттың бағыт-бағдарын түсіндірді.
-
Президент сайлауы – 2019. «Ақ жол» сайлауға қатыса ма? Перуашев жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев кезектен тыс президенет сайлауына қатысатын кандидат 13 сәуірде өтетін партия съезінде анықталатынын айтты.
-
ҚР Президентінің жарлықтарына өзгерістер енгізілді
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Елордада тауарлары нарықтық бағадан 15% төмен сатылатын дүкендер желісі кеңейтілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен әкімдіктегі кезекті отырыста қала тіршілігінің маңызды мәселелері талқыланды. Жиында көтерілген мәселелердің ең негізгісі азық-түлік бағасын тұрақтандыру тақырыбына арналды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.
-
Президент сайлауы – 2019. Алға ұмтылыстың маңызды қадамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Шаукенова Зарема Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауына қатысты жасаған үндеуіне орай пікір білдірді.
-
Президент сайлауы – 2019. Бұл шешім демократиялық қағидаттың көрсеткіші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин айтты.
-
Түркістанда 11 жасар бала сәбиді арашалап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай қаласының 11 жасар тұрғыны Бекназар Мейрамбек жеке тұрғын үйге арналған кәріз жүйесінің шұңқырынан 2 жасар Бақытбек Сабыржан есімді сәбиді өлім аузынан құтқарған.
-
Президент сайлауы – 2019. Тоқаевтың шешімі демократиялық-либералдық ұстанымдарын көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев алдағы Президент сайлауына партия атынан кандидат қатыстыру жөнінде тиісті шешім қабылдау қажет екенін айтты.
-
Президент сайлауы – 2019. Елдің бәрі елеңдеп отыр – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы сайлау ерекше оқиға. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ірі оқиғалардың бірі деп айтар едім, деп пікір білдірді жазушы Жұмаш Кенебай.
-
Президент сайлауы – 2019. Мұндай кезде ел бірлігіне сызат түспеуі керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент сайлауын өткізу дер кезінде қабылданған шешім, оны жазушылар қолдаймыз. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар басқарамасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып пікір білдіру кезінде айтты.
-
Сенатта Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы заң жобасы қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР ІІМ тұрғындардан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі халықта заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілетіні туралы Қазақстан Республикасының азаматтарына үндеу жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
1 тонна балық тәркіленді
Алматы облысы, BAQ.KZ. Алакөл ауданының аумағында ірі көлемде балық тиеген екі автокөлік тоқтатылды. Оның бірі аудан орталығы Үшарал қаласының маңында тәртіп сақшылары арнайы іс-шара барысында көлігіне ірі көлемде балық балық тиеген жергілікті тұрғынды анықтады.
-
Қазақстанда емі жоқ ауруға шалдыққан балаларды шетелдерге жібердік – Ахметжан Есімов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына қатысып, Қордың әлеуметтік саясатының нәтижелерін жария етті.
-
Президент сайлауы – 2019. Бұл сайлаудың саяси да, тарихи да маңызы зор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің “сайлаудың демократиялы әділ, таза болып өтуіне мен өзім гарант боламын” деген сөзі көкейімде қалды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пікір білдіру кезінде айтты.
-
Қажетсіз құжат, тауық пен жиһазды есептеу. Сапарбаев АӘК туралы сұрақтарға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында атаулы әлеуметтік көмек төңірегіндегі халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
-
Президент сайлауы – 2019. Ел тарихындағы маңызды оқиға
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірқатар республикалық телеарнадан қазақстандықтарға Үндеу жариялады. Мемлекет басшысының бұл үндеуі ел өміріндегі тағы бір айтулы оқиға десем болады, дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.
-
Назарбаев Атамқұловқа қазіргі кездегі баса мән берілетін мәселелерді түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлады.
-
Әскери борышыңды 40 күнде өтеуге болады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай түрлі себептермен әскерге бара алмаған азаматтар әскери-техникалық мектепте оқып, 40 күннің ішінде әскери билетке қол жеткізе алады.
-
Шығыс Қазақстанға көктемгі қар суы қауіп төндірмейді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің 40% су қоры жинақталған Шығыс Қазақстанға көктемгі тасқын су қауіп төндірмейді.
-
Елбасы шешімімен Ақышевтің қызметі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қара жұмысқа шетелдік мамандарды алмауымыз керек – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер туралы пікір білдірді.
-
Президент сайлауы – 2019. Тәуелсіз Қазақстан халқының ерікті шешімі
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлы үндеуінде 2019 жылдың 9-маусымында кезектен тыс ҚР Президент сайлауы өтетіндігін мәлімдеді. Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» қозғалысының Қарағанды аймақтық штабының жетекшісі Александр Урмашов пікір білдірді.
-
Шегірткемен күрес жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты хабарлады.
-
ИТЖЫҒЫС. Нумерология. Растаушылар мен терістеушілер алаңы
Көзімізше президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа байланысты сандарды "сөйлеткен" нумеролог Құралай Бақытқызымен сұхбат...
-
Ақмола облысында туберкулезді емдеу мерзімі қысқартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және бұл кеселді емдеу тегін жүргізіледі. Ақмола облысында туберкулез дертін емдеу үшін екі миллиардтан астам теңге бөлінеді. Облыста туберкулезді емдеу мерзімі 20 айдан 12 айға дейін қысқарды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыруды қоры» Ақмола облыстық филиалы хабарлады.
-
Түркістанда түркиялық дәрігерлер тұрғындарды емдейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Түркия – Қазақстан денсаулық аптасы» басталды. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы оқу орнының президенті, профессор Болатбек Әбдрасілов мәлімдеді.
-
Алматыда жастарды бопсалап жүрген қаскөйлер ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыс Алматы қаласының Түрксіб ауданында орын алған.
-
Тәуелсіз еліміздің қалыптасуын Елбасы есімімен тікелей байланыстырамыз – Көшербаев
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда қаласында «Н.Назарбаев: болашақ бүгіннен басталады» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
-
Қордайда ірі көлемде темекі контрабандасы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қордай» шекара отрядының «Қарасу-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасынан біздің елге «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 23 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бүкіләлемдік этноспорт форумы өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» ІІ Халықаралық этноспорт форумын өткізеді.
-
Тоқаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 9 маусым күні президент сайлауы өтеді.
-
Шекарашылар Ресейде ұрланған автокөлікті ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл шекара отрядының «Жанажол авто» бөлімшесінде таңғы сағат 4:00 шамасында «Ягуар» автокөлігімен Қазақстанға келе жатқан 23 жастағы ресейлік ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қарағандыдағы вольфрам өндірісінде жаңа жұмыс орындары ашылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вольфрам өндірісі өңір тұрғындарына жаңа жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік береді. «Солтүстік Қатпар» ЖШС кәсіпорнында екі мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістан облысында 12 мың гектарға бақша дақылдары егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданында 12 мың гектар жерге бақша дақылдары отырғызылды. Оның 8400 гектарына – қауын, 3600 гектарына – қарбыз егілді. Егістік алқаптарында 15-ке жуық бригада құрылып, 10 мыңға жуық аудан тұрғындары еңбек етуде.
-
Әлемдік рейтингте Елдос Сметов бесінші орынға жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, 60 келіде сынға түсетін Елдос Сметов әлемдік рейтингте жоғарылады. Бұл туралы Olympic.kz мәлім етті.
-
Астана көшелері арнайы сусабынмен жуыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап, Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін тазалауда жаңа әдіс пайдалануға енгізілген. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің Фэйсбуктегі парақшасында жазды.
-
Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аз қамтылған көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен қайырымдылық қорының көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сапарбаев әкім орынбасары болған ұлы туралы: Менің оған ешқандай қатысым жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанына қатысты пікір білдірді.
-
Мамин шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнесті дамыту көбінесе жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланысты. Өкінішке орай, бұл бағытта жұмысты тиімді жүргізбейтін өңірлер де бар. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырсында айтты.
-
Мамин кәсіпорын басшыларын жұмысшылардың проблемаларына назар аударуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясында Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырмасын берді.
-
7-20-25: Сапарбаев кәсіпкерлердің бастапқы жарнаны төлеуге ниетті екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминге «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы ұсыныстарын айтты.
-
Еліміздегі көктемгі су тасқынының қазіргі жағдайы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» брифинг өтті.
-
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жариялайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент елдегі саяси партиялардың төрағаларын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірқатар саяси партияның төрағаларын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Кәсіпкерлердің көмегімен көпбалалы отбасылар үшін 18 мың жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 63 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
-
Көлік полицейлері республика бойынша заңсыз көші-қон мәселелерін қолға алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 9 мен 12 сәуірі аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Заңсыз келуші - 2019» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілмек. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Рахат Жақсыбай: Ұлттық спортты дәріптеу үшін чемпионат ережесіне өзгерту енгіздік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сәуірдің 15-22 аралығында Алматыда алғаш рет Ұлттық спорт түрлерінен І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Ат спортынан жастар арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі дода Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Атқа міну мәдениетін» дамыту мен «Жастар жылын» қолдау мақсатында қолға алынып отыр.
-
Сапарбаев кәсіпкерлерден көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге көмектесуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін шешуде кәсіпорын басшылары мен кәсіпкерлерді тарту қажет екенін айтты.
-
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет түрін бір жерге топтастыру қажет – Абылай Мырзахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір шағын және орта бизнеске 7 мемлекеттік орган, оның ішінде 6 министрлік пен Ұлттық банк тарапынан 525 қызмет көрсетеді екен. Оған 100-ге жуық кәсіпкерлерді қолдау және субсидиялау түрлері бар. Осының барлығының басын біріктіру керек. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырсында айтты.
-
Биыл көпбалалы отбасыларға 12 мың пәтер беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі туралы баяндады.
-
Павлодар облысында көршілік дәстүрлер жаңғыртылмақ
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ата-бабаларымыздан қалған көршілік дәстүрлер жаңғырмақ. Бірегей жоба «Көрші» деп аталады.
-
Соңғы төрт жылда 46 мыңнан аса жаңа кәсіпорын ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырсында айтты.
-
Сапарбаев 340 мың көпбалалы анаға қолдау қалай көрсетілетінін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы әлеуметтік жобалар туралы баяндады.
-
Бизнестің жол картасына бөлінген қаражат толық игерілді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Бизнестің Жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын баяндады.
-
Ерлан Қошанов облыстағы сыртқы жарнаманы реттеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды таза және тартымды болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста мәлімделді.
-
Елордада «Құлыншақ пен бөлтірік» ертегісінің премьерасы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық балалар бүгін жаңа ертегінің премьерасына бара алады.
-
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
9 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін кей облыста жел күшейеді.
Наверх