Елбасы шешімімен Ақышевтің қызметі ауысты

9 Сәуір 2019, 15:24
2505
Бөлісу:
Елбасы шешімімен Ақышевтің қызметі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Д.Т. Ақышевты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімі.

Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы                                               Н.Назарбаев

Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 9 сәуір

             №5

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Талғатұлы Ақышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Данияр Ақышев:

  • Туған жылы: 1976 жылғы 25 мамырда 

  • Туған жері: Алматы қаласы

Білімі: 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтады (мамандануы – банк ісін ұйымдастыру).

Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

1996-2003 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР Ұлттық банкінің Зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003-2007 жылдар аралығында осы Департаментті басқарды.

2007 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014 жылғы тамыз – 2015 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз – 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қарашадағы №109 Жарлығымен Д.Т. Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылдың 25 ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағалығынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы