Қара жұмысқа шетелдік мамандарды алмауымыз керек – Сапарбаев

9 Сәуір 2019, 15:16
2257
Бөлісу:
Қара жұмысқа шетелдік мамандарды алмауымыз керек – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер туралы пікір білдірді.

«Шетелден Қазақстан аумағында шағын кәсіпкерлікпен айналысу үшін қаншама Қырғызстан, Тәжікстан мен Қытай азаматтары базарларымызда толып жүр. Осыларға шектеу қою арқылы өзіміздің халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге бола ма?», - деп сұрады журналист.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді елден шығару қажет екенін айтты.

«Шетелден келетін мамандарға деген квота бар. Сол квотаға сәйкес жұмысқа қабылдайды. Оның ішінде 1-ден 4-ке дейін санатқа бөлінген. Кейінгі кезде жұмысшылардың жеткілікті болуына байланысты қара жұмысқа шетелдің мамандарын алмауымыз керек. Негізінен оларды бізде жоқ мамандықтарға алуымыз қажет. Оларға шектеу қойылады. Тиісті органдар бар. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері, миграциялық бөлім айналысуы керек. Олар базарда ғана емес, заңсыз келіп үйде күтуші болады, басқа болады. Оларды заңға сәйкес жазалап, мемлекеттен шығару керек», - деп айтты министр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминге «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы ұсыныстарын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы