Синоптиктер алдағы жарты жылдың ауа райына болжам жасады

9 Сәуір 2019, 20:42
2826
Бөлісу:
Синоптиктер алдағы жарты жылдың ауа райына болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық коммуникация қызметінде ҚР Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» РМК жылы жарты жылдыққа арналған ауа райы болжамы туралы баспасөз-конференциясы өткізілді.

Баспасөз-конференциясының барысында ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова, сәуір айы әлі де ауыспалы маусымның ортасы болғандықтан, ауа райы тұрақсыз болатынын айтты. Айдың ортасына қарай бүкіл Қазақстан батыс және оңтүстік циклондардың ықпалында болып, еліміздің оңтүстік-шығыс және шығысында найзағай, екпінді жел, бұршақтың түсуімен, солтүстік жартысында жаңбырдың сулы қарға ауысуы, сондай-ақ екпінді жел, көктайғақ көрінісімен, түнгі және күндізгі сағаттарда тұманның қалыптасуымен қатты жаңбыр жауады.

Температура сәуірде ауытқыйды.

солтүстік жартысында – түнде 0,-5°С-тан +2+7°С дейін, күндіз +8+13°С-тан +12+20°С дейін;

оңтүстік жартысында – түнде +5+13°С-тан +10+15°С дейін, күндізгі сағаттарда +12+23°С-тан +18+26°С дейін.

Ең суық күндер екінші және үшінші онкүндіктің ортасына келеді:

республиканың басым бөлігінде температура -5-10°С дейін, кей жерлерде 0 °С, күндіз -2+6°С дейін төмендейді;

оңтүстік жартысында – түнде 0,+5°С дейін төмендеу, топырақ бетінде 3°С дейін қатқақ, күндіз +7+15°С дейін төмендейді.

Дидар Жәнібекұлы атап өткендей, Қазгидромет өңдеген NASA жерсеріктерінің жерді қашықтықтан зондтау суреттеріне сәйкес, Қазақстан аумағының қар жамылғысы 23%-ға азайды, 30%-дан 7%-ға дейін төмендеді. Қар жамылғысы көбінесе сайларда, орманды және таулы жерлерде сақталған.

28.03-04.04.2019ж. аралығындағы гидрометеорологиялық мониторинг деректері бойынша облыстардағы жазық өзендердің көптеген бассейндерінде тұрақты қар жамылғысы кетті. Жазық аумақтағы өзендердің ендігі сулылығы, ойпаттарда жиналған еріген қар суының келуімен, жауын-шашын жаууымен және ылғал қорының өзен арнасына келіп түсуімен анықталатын болады.

• Ақтөбе және Қарағанды облыстарында су басу шыңы өтті. БҚО және Атырау облыстарындағы өзендердің одан әрі сулылығы РФ аумағында орналасқан су қоймаларының жұмыс режимдерімен анықталатын болады.

Сәуір айында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарында су басу/су тасу шыңы күтілуде.

Өткен аптада түнгі ауа температурасы 0 ° С жоғары көтеріліп, аралас жауын-шашынның түсуі Ақмола облысында Шағалалы, Қылшақты, Қалқұтан, Жабай өзендерінде, сондай-ақ СҚО мен Павлодар облыстары өзендерінде қар еру қарқындлығын арттырып, еріген қар суларының қалыптасуы мен су басуға әкелді.

Апталық гидрологиялық болжамның ақталымдылығы 02.04.2019 күнгі нақтылаулармен есептегенде 87% құрады.

2019 жылдың 6 – 12 сәуір аралығындағы апталық синоптикалық болжамға сәйкес еліміздің басым аумағында бастапқы мерзімде күндізгі және түнгі ауа температурасының төмендеуі, ортасынан бастап біртіндеп жоғарылауы күтілуде. БҚО, Атырау облыстарында, соңғы мерзімдерде ШҚО, Қарағанды облыстарында 14 мм-ге дейін, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында апа бойына 14-23 мм-ге дейін қарқынды жауын-шашын болжануда.

Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт атап өткендей, мамыр айы 1°С нормадан жоғары батыс бөлікте жауын-шашын мөлшерінің нормадан аз және шығыс бөлікте нормаға жуық болжанады.

Маусымда термометрдің сынап бағанасы климаттық норманың шегінде өзгеретін болады. Қиыр батыс және солтүстік-батыс аймақтарынан басқа жерлерде жауын-шашын мөлшері нормадан көп жауады.

Шілде ҚР басым бөлігінде нормаға жуық күтіледі, тек ҚР оңтүстік-батыс бөлігінде 1°С нормадан жоғары күтіледі. Жауын-шашын басым бөлікте нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында – нормаға жуық, тек шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нормадан көп жауады.

Тамыз жылы күтіледі. Көптеген облыстарда ауа температурасы 1°С нормадан жоғары, тек РК солтүстік-батыс бөлігінде нормаға жуық болады. Жауын-шашы нормадан аз жауады, тек солтүстік және солтүстік-батыста, оңтүстік-шағыс бөліктің таулы және тау бөктері аймақтарында климаттық нормаға жуық және көп болжанады.

Алдын ала болжам бойынша қыркүйек-қазан жылы, ҚР басым бөлігінде нормадан аз жауын-шашын мөлшерімен күтіліп, бұл Алтын күз кзеңімен рахаттануға мүмкіндік береді.

Жоғары емес (54 %) дәлелділігін ескере отырып, маусымдық болжамды консультативтік болжам ретінде қолдану керек, ол кейіннен айға және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланып отырады.

 

Өзгелердің жаңалығы