«Шұғыл ақша керек»: Шымкентте интернет-алаяқтар тобы ұсталды

WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық.

Бүгiн 2026, 12:45
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 12:45
Бүгiн 2026, 12:45
236
Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық схеманы қолданған. Олар азаматтарға туысы, досы немесе жақын танысы болып хабарласып, түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша аударуды сұраған. Алданған тұрғындар көрсетілген шоттарға қаражат жіберіп отырған.

Жәбірленушілердің бірі – жергілікті тұрғын. Ол өзіне досының атынан шұғыл қаржылай көмек сұраған хабарлама келгеннен кейін, еш күмәнданбастан көрсетілген есепшотқа 3,5 миллион теңге аударған. Кейін алаяқтық құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер алты күдіктіні анықтады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден қылмыс жасау кезінде пайдаланылған 19 SIM-карта, 11 ұялы телефон және планшет тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілердің Астана мен Шымкент қалаларында жасалған екі алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 7,5 млн теңге, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада «грантқа түсіремін» деп 100-ден астам адамды алдаған алаяқ сотталды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Телефондағы қауіп: Алаяқтар жазғы демалыста мектеп оқушыларын қалай аңдиды?

Арзан тур: ШҚО тұрғыны Египет пен Түркияға жеңілдетілген жолдама ұсынып, 13 адамды алдап кеткен

Жамбыл облысында "емтихансыз" куәлік алып бермек болған алаяқ сотталды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

Наверх