Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шерзат ісі. Сотталушы полициядан қандай қысым көргенін айтып берді

15 Мамыр 2025, 16:34
770
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Шерзат Болат ісі бойынша сотта сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адвокат Тоқтаубаевтан "Талғар қаласында кезекші прокурормен сөйлесіп тұрған кезде басқалардан қысым болды ма?" деп сұрады.

Ол жерде полиция қызметкерлері және оперативтік қызметкерлер болды. Бәрі жан-жағыңда тұрады. Біз есіктің жанында тұрдық. Бізден жауап алынды, видеоға түсірді. Бірақ есіктің арғы жағында полиция қызметкерлерінің бәрі ала көзімен қарап, "былай деп айт" деді. Егерде біз арыз жазып, бәрін айтсақ, бізді апарып қайта ұратын еді, - деп жауап берді Тоқтаубаев.

Еске салсақ, сотталушы Дархан Әскентайдың дүкенге кірген видеосы көрсетілді. Сот отырысы кезінде судья журналистер мен блогерлерге ескерту жасады. Сонымен қатар, Шерзат Болаттың қолында қандай зат болғаны көрсетілді. Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тың дерек айтылды.

Сот процесі кезінде марқұм Шерзат Болатты бір топ адамның ұрып-соққан видеосы да көрсетілді. Сотталушы Дархан Әскентай болған оқиғаны баяндады

Бұған дейін Шерзат Болат ісі бойынша сотта сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды. Ол жауабында Шерзат болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың "мен сені өлтіремін" деп қорқытқанын айтты. Сондай-ақ Тоқтаубаев былтыр полицияға берген жауабынан бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы