Талдықорғандағы сотта бір топ адамның Шерзат Болат пен ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевты пышақтап, ұрып-соққан сәті түсірілген видео көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот процесінде прокурор Ержан Құрақбаев "Әскентай, сіз Абзал мен Нұрболды ажыраттым деп жауап бердіңіз. Ал Шерзат пен анасы сол жерде не істеп жатты?" деп сұрады.
Шерзаттың жанына бір бала жатты, ол "скорый, скорый" деп айғайлады. Мұны мен Нұрболдың күртесін көтеріп жатқан кезде көрдім. Шерзат ол кезде қозғалып жатқан еді. Мен жоғары көтеріліп бара жатқан кезде оны ешкім ұрмаған еді. Оның қасында тек бір бала болды, - деп жауап берді Дархан Әскентай.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға "Шерзатты кім ұрды?" деп сұрағын нақтылады.
Мен білмеймін, - дейді Әскентай.
Сонымен қатар сотталушы мылқтықты Шерзаттың ағасы Нұрғанат оқтағанын және екі мәрте атқанын атап өтті.
Мен мылтықтың атылғанын көрдім. Қай жақтан шыққаным білмеймін, қасымнан, екі метр жерден Нұрғанаттың мылтығы атылды, - дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотталушы Дархан Әскентайдың дүкенге кірген видеосы көрсетілді. Сот отырысы кезінде судья журналистер мен блогерлерге ескерту жасады. Сонымен қатар, Шерзат Болаттың қолында қандай зат болғаны көрсетілді. Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тың дерек айтылды.
Аталған сот процесі барысында марқұм Шерзат Болатты бір топ адамның ұрып-соққан видеосы да көрсетілді.