Петропавлда жоғалған оқушы пештің ішінен табылды

11 Қараша 2026, 19:32
АВТОР
 видеодан скриншот 11 Қараша 2026, 19:32
11 Қараша 2026, 19:32
154
Фото: видеодан скриншот

Петропавлда жоғалған 6-шы сынып оқушысы пештің ішінен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 қарашада шамамен сағат 17:30-да Петропавл қаласындағы «102» арнасына Жұмысшы кентінің тұрғынынан 13 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Бала таңертең үйден шығып, қайтып оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефоны болмаған.

Жасөспірімді іздеуге патрульдеуде болған полицияның кешенді күштері бағытталды. Барлық қызметтер, оның ішінде жедел әрекет ету арнайы отрядының жауынгерлері жұмылдырылды.

Жұмысшы кенті мен оның төңірегіндегі аумақтарды тексеру үшін үш дрон көтерілді. Орталық жедел басқару пунктінің инспекторлары бейнебақылау камераларының жазбаларын қадағалады. Олармен бірге Петропавл қаласының ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі Төребек Калелов жұмыс істеді. Ол камера жазбаларынан баланы анықтап, оның Жұмысшы кентінің шетіндегі Зайцев көшесіне дейінгі жүрген жолын бақылап отырды. Анықталғандай, шамамен сағат 18:30 жасөспірім бір үйдің жанында орнатылған декоративті пешке тығылып отырған.

Кейін бала, полиция қызметкерлеріне пеште жылынып, ұйықтап қалғанын түсіндірді.

Құқық қорғау органдары оны тауып, аман-есен үйіне алып келді. Ата-анасы полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты.

Бала бұған дейін үйден өз еркімен кетпеген. Жасөспірімнің іс-әрекетіне себеп болған жағдайларды кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандар анықтап жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ата-анамен және баламен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлады Петропавл қаласының ПБ баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар қыз табылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен 4 жасар бала өлі табылды

Қазақстанда интернет-казино құрған екі шетелдікке іздеу жарияланды

Бес жыл қашып жүрген: Қазақстанның оңтүстігінде шетелдік ұсталды

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от sqo_pd (@sqo_pd)

Наверх