Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Агрессия көрсетті". Сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр

15 Мамыр 2025, 14:57
1540
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болат ісі бойынша сотта сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің телефоныма Дархан Әскентай атты танысым қоңырау шалды. Талғар қаласындағы Менделеев көшесінде орналасқан Қамажай дүкеніне келуімді өтінді. Мен Думан Ысқаққа өтініш жасадым, өйткені өзім бір бөтелке сыра ішіп алған едім. Кейін ол рөлге отырып, Қамажай дүкеніне бардық, - дейді ол.

Судья "Дархан Әскентай нақты не деп өтінді?" деп сұрады.

Ол қысқа-нұсқа ғана "мені біреу ұрып кетті" деді. "Мені алып кетші" деп айтты. Мен қазір барамын дедім. Оған көмек керегі сезіліп тұрды. Барған кезде дүкен сыртындағы Дархан Әскентайдың беті қан болды. Сонымен мән-жайды айтып берді. Ол "дүкен сатушысының баласы ұрып тастады" деп қысқа қайырды, - дейді Нұрбол Тоқтаубаев.

Кейін Тоқтаубаев Қамажай дүкеніне кіріп, мән-жайды білу үшін Қаржаубаймен (еск – Шерзаттың әкесі) сөйлескен.

Қал-жағдай сұрасқан соң, не болғанын сұрадым. Ол сенің досың шот төлемеді деп айтты. Агрессивті түрде сөйледі. Мен ұрдым деді, біресе балам ұрды деді. Жақсы, шот төленбесе, мен төлейін ендеше деп жауап бердім. Кейін артығымен 1500 теңге төледім, - дейді Нұрбол Тоқтаубаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотталушы Дархан Әскентайдың дүкенге кірген видеосы көрсетілді. Сот отырысы кезінде судья журналистер мен блогерлерге ескерту жасады. Сонымен қатар, Шерзат Болаттың қолында қандай зат болғаны көрсетілді. Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тың дерек айтылды.

Аталған сот процесі барысында марқұм Шерзат Болатты бір топ адамның ұрып-соққан видеосы да көрсетілді. Сотталушы Дархан Әскентай болған оқиғаны баяндады.

Өзгелердің жаңалығы