Шерзат Болат ісі бойынша сотта сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алайда Дархан Әскентай жолда маған ақталып, өзінің телефонынан түбіртекті көрсетіп, төлегенін айтты. Қағаз ақша мың теңге тағы бердім деді. Мен дүкенге қайтадан айналып баруға шешім қабылдадым. Артық төлеген ақшамды қайтарып алу үшін және Дархан Әскентайдың шотты төлегенін растағым келді. Қайтадан барған кезде Қаржаубай агрессивті түрде пышақ алып оқталды. Біздің айналып келгенімізге қарсы болды. "Менімен шық" деді, "менімен шықпасаң, баламмен шық" деп айтты. Тағы да пышақ тақады. Мен 1996 жылғымын. Бұрын-соңды сотталмағанмын, мәселені ушықтырмай шешіп алып, кету керек едік, - дейді ол.
Тоқтаубаев сол сәтте Нұрғанат Ғайыпбаевтың әлдебіреулерге қоңырау шалып жатқанын көрген.
Қаржаубай "мен сені өлтіремін" деп пышақпен оқталды, мен абдырап қалдым. Кейін жанымызға 6-7 шақты бойшаң балалар келді. Мен бауырыма хабарласып, кейін төбелес басталып кетті, - дейді ол.
Еске сала кетейік, сотталушы Дархан Әскентайдың дүкенге кірген видеосы көрсетілді. Сот отырысы кезінде судья журналистер мен блогерлерге ескерту жасады. Сонымен қатар, Шерзат Болаттың қолында қандай зат болғаны көрсетілді. Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тың дерек айтылды.
Аталған сот процесі барысында марқұм Шерзат Болатты бір топ адамның ұрып-соққан видеосы да көрсетілді. Сотталушы Дархан Әскентай болған оқиғаны баяндады. Бұған дейін Шерзат Болат ісі бойынша сотта сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды.