Қызылорда облысының прокурорлары алимент төлеуден жалтарған қаскөй борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартты. Облыс прокуратурасы 2026 жылы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 32 қылмыстық іс тіркелді.
Алимент төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабына сәйкес 600 (алты жүз) сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Аталған қылмыстық істер бойынша 12 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылып, 5 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды және 3 қылмыстық іс сотта қаралуда, қалған 12 іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде, - деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасы.
Прокуратура мамандары атап өткендей, мысалы, борышкер «Ж.А.»-ның 2023 жылдан бастап қалыптасқан 12 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 20.05.2026 жылғы үкімімен 1 (бір) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Облыс прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және алиментті төлеу жөніндегі міндеттерін уақытылы орындауға шақырады.
Бұған дейін енді елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылатынын хабарладық. Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ, БҚО-да алимент төлемей жүрген әкелердің құмар ойынға миллиондап ақша тіккені анықталды. Борышкерлердің табысын жасырғаны белгілі болды.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда алимент төлеу тәртібі өзгереді: Нені білген жөн?