БҚО-да алимент төлемей жүрген әкелердің құмар ойынға миллиондап ақша тіккені анықталды

Табысын жасырған борышкерлер белгілі болды.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 17:13
Бүгiн 2026, 17:13
132
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тексеру барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 6 борышкердің букмекерлік платформаларда бәс тіккенін анықтады.

Прокуратура дерегінше, алимент бойынша 2,6 млн теңге берешегі бар борышкер 2 жыл ішінде шамамен 5 млн теңгеге бәс тігіп, 3 млн теңге көлемінде ұтыс алған.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде биыл 21 адам қылмыстық, 116 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін алимент төлемейтіндердің кірісі цифрлық жүйемен тексерілетіні хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Ақтөбеде ер адам қарызы мен алиментін жабу үшін жұмыс орнын тонап кеткен

Алимент жанжалы: Өзбекстан азаматы әйелі мен кішкентай қызын пышақтап тастаған

Қазақстанда алименттің қайда жұмсалғанын бақылау күшеюі мүмкін

Наверх