Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйіті табылды: Күдікті ұсталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат 13 Қараша 2026, 15:43
13 Қараша 2026, 15:43
200
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат

Қарағанды облысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті табылды. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 қарашада жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласынан 22 шақырым қашықтықта 38 жастағы қала тұрғынының мәйіті анықталды. Әйел бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында іздеуде болған. Мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, - деп жауап жолдады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына. 

ашық дереккөз

Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен 4 жасар бала өлі табылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Павлодарда сабаққа кешіккен оқушының әрекеті қылмыстық іске ұласты

Петропавлда жоғалған оқушы пештің ішінен табылды

Көлігі былғанғаны үшін жолаушыға балағат сөз айтқан такси жүргізуші қамауға алынды

Оқушыларды шошытқан: Алматы облысында мектепке терезе арқылы кірген жалаңаш ер адам ұсталды

 

Наверх