Алматы облысының Қаскелең қаласында ер адам терезе арқылы мектеп ғимаратына кіріп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол жалаңаш болған. Полиция күдіктінің ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Не болды?
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің сөзінше, жағдай 12 қараша күні Қаскелеңдегі шағын ауданның бірінде орналасқан Әлімқұлов атындағы мектепте болған.
Хабарланғандай, жалаңаш ер адам оқу орнының ғимаратына терезеден кірген.
Полиция не хабарлады?
BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап берген Алматы облысы Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқушылар мен педагогтер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полициядан.
Сондай-ақ ведомство тергеу аясында ұсталған азаматтың психикалық жай-күйі тексерілетінін нақтылады.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін патрульдік көлікте отырып, терезеден түкірген полицей жауапқа тартылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Павлодарда сабаққа кешіккен оқушының әрекеті қылмыстық іске ұласты
Петропавлда жоғалған оқушы пештің ішінен табылды
Көлігі былғанғаны үшін жолаушыға балағат сөз айтқан такси жүргізуші қамауға алынды