Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы (US Open) жарқын жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атанғанымен құттықтап, бұл жетістіктің тарихи маңызы мен қазақстандық спортты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін атап өткен болатын.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды. Финалда Рыбакина кейінгі екі жылдың жеңімпазы Арина Соболенконы үш сетте – 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады.
WTA Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы атағының жүлдесін табыстады.
Еске салсақ, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстанға келетіні хабарланған болатын.