Подкаст. Ойынқұмар баланы тәрбиелеп отырған жоқсыз ба?

31 Қазан 2023, 16:00
3190
Бөлісу:
Подкаст. Ойынқұмар баланы тәрбиелеп отырған жоқсыз ба?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қарыздарынан құтылғысы келген адам өзіне дұрыс сұрақ қоя білу керек. Ol - jas подкастының қонағы қаржыгер Эрита Әбдібаева қарызға кіре беретін адамдардың психологиясы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спикердің түсіндіруінше, адамның қаншалықты көп қарызы болса, соншалықты одан шығатын потенциалы бар. Демек, әр адам мұндай қиындыққа тап болғанда өзіне дұрыс сұрақ қоя білуге тиіс.

Эрита Әбдібаева адамның мақсаты өзегін өрттеп тұрса, кез келген адам қаржы жағдайын шеше алады. 

Сонымен қатар әңгімемізде «еліміздің бүгінгі экономикалық жағдайы кәсіппен айналыспайтын адамдарға байып кетуге мүмкіндік бере ме?», «бүгінгі таңда тез байып кеткісі келетін азаматтар алаяқтардың арбауына түсіп жатыр, бірақ сол тез баюға деген құлшыныс қайдан туып отыр?», «Баланы қаржы сауатына қалай үйретеміз?», «Эмоционалды кезде зат сатып алмау үшін жарнамадан қалай тыйылуымыз керек?» және т.б өзекті сұрақтар талқыланды. 
 

Еске сала кетсек, бұған дейін акушер-гинеколог, жоғары санатты дәрігер Назира Қалдешқызы, уролог-андролог, медицина ғылымдарының магистрі Батыржан Сабырханұлымен жыныстық сауаттың маңызы туралы әңгіме өрбіткен едік.

Сондай-ақ заң мәселесі жөнінде, оның ішінде қазақша жазылған заңдардың қатесі туралы спикер Сағидолла Баймұратпен сұхбаттасқан едік.

Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.

Видео: Адлет Беремкулов
Өзгелердің жаңалығы