Дауыс қою қате түсінік - диктор

27 Маусым 2023, 17:15
3908
Бөлісу:
Дауыс қою қате түсінік - диктор
VIDEO

Ol-jas подкастының қонағы болған Қазақ радиосының дикторы Мұхамедәлі Болатұлы дикцияны жақсарту үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Подкаст қонағы Мұхамедәлі Болатұлы әр адамның даусы саусақтың ізіндей қайталанбас дүние екенін, алайда оны өзгерту мүмкін емес екенін айтады. Оның сөзінше, дауыстың шығуы ол адамның денсаулығына, жеген асына байланысты. Сондықтан да «дауысты» тек құрал екенін ұмытпауымыз керек дейді.

Сонымен қатар спикер қазіргі қоғамда адам даусының ерекшелігіне емес, оның жеткізетін ақпаратына қарайтынын атап өтті. Болатұлының айтуына қарағанда, соңғы жылдары «қазақша сөздің ортасына орысша сөздерді араластырып жеткізсе де, мәнін ашса болды» дейтіндер көбейген.

Адамның өз үні өзіне ұнамауы қалыпты жағдай. Адам өз даусының қалай шығатынын анық ести алмайды. Тек уақыт өте құлағы үйренеді. Дауыс әр 12 жыл сайын өзгеріп тұрады, - деді диктор.

Бұған дейін Ol-jas подкастының қонақтары болған диетолог Арай Әміре мен эндокринолог Махаббат Ибрагим арықтаудың бірнеше жолы туралы айтып, бірнеше қағиданы ұсынды.

Сонымен қатар подкастымызда қоғамда заң мәселесі, оның ішінде қазақша жазылған заңдардың қатесі туралы спикер Сағидолла Баймұратпен сұхбаттасқан едік.

Ol-jas подкасты – ел жастарының, кәсіби мамандардың еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.  

 

Өзгелердің жаңалығы