Бедеулік пен белсіздік. Жастар нені біліп, нені ескеру керек?

16 Қыркүйек 2023, 09:28
5160
Бөлісу:
Бедеулік пен белсіздік. Жастар нені біліп, нені ескеру керек?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда әр алтыншы ерлі-зайыпты бала сүйе алмай жүр. ДДСҰ-ның дерегінше, еліміз белсіздік пен бедеуліктің белең алуынан кейбір Еуропа елі мен АҚШ-тың өзін басып озған. Олардың мәлімдеуінше, бұлай жалғасса ұлттық қауіпсіздікке қатер төнбек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ol - jas подкастының қонағы болған акушер-гинеколог, жоғары санатты дәрігер Назира Қалдешқызы мен уролог-андролог, медицина ғылымдарының магистрі Батыржан Сабырханұлы аталған тақырыпты жан-жақты талқылап, кеңестерін айтты.

Спикерлер «Бала кезде қандай аурулар белісіздікке әкелуі мүмкін?» , «Қандай зиян әдеттер болашақта әсер етеді?», «Ер адамдарға қажет тестостерон гормоны неге төмендеп кетті?», «Оның белсіздікке қандай қатысы бар?», «Қазақстандықтардың денсаулыққа бейжай қарауының себебі неде?», «Қандай тәуелділік қауіпті?», «Жатыр мойны обыры неге көбейіп келеді?» осы сынды өзге сұрақтарды талқыға салды. 

 

Еске сала кетсек, тестосторені жоғары елдердің рейтингі жарияланған болатын. Рейтингте Қазақстан төменгі сатыда. 

Бұған дейін Ol-jas подкастының қонағы - халықаралық қатынастар сарапшысы Риззат Елубаев болды. Саясаткер елдің ішкі саясатындағы бірқатар мәселе мен әлемдегі ахуал туралы сөз қозғады. 

Сондай-ақ заң мәселесі жөнінде, оның ішінде қазақша жазылған заңдардың қатесі туралы спикер Сағидолла Баймұратпен сұхбаттасқан едік.

Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.

Видео: Нұрасыл ЕРЖАНОВ
Өзгелердің жаңалығы