Жаңалықтар
-
-
Қарқаралыда Құнанбай мен Абайға ескерткіш қойылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Қарқаралы ауданында Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбайұлының құрметіне ескерткіш орнатылды. Таза мыстан жасалған мүсіннің биіктігі 4 метрден асады.
31.05.2019
-
Қарағандыда 76 кәсіпкер жеңілдетілген несие алған
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақтағы шағын бизнесті дамытуға биыл бюджеттен 277 миллион теңге бөлінген. Бүгінде 76 кәсіпкер жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, шаруаларын дөңгелетіп отыр.
31.05.2019
-
АИТВ инфекциясы «жасарып барады»
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында 300-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Жұқпалы кесел жыл санап «жасарып барады». Олардың дені – 15-49 жас аралығындағы науқастар.
31.05.2019
-
31 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауады.
31.05.2019
-
КарЛагтағы Мамочкино моласында мемориалдық кешен пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамочкино моласында жаңа ескерткіш пайда болады және оның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгін жобаны Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мақұлдады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
30.05.2019
-
Таразда бес қабатты үй өртеніп жатыр
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін кешкі сағат 19.30-да Тараз қаласындағы «Қарасу 5» мөлтек ауданы 18 үйдің шатырында өрт шықты. Қазіргі таңда толығымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
30.05.2019
-
Павлодар облысында кәсіпкерлер оқушыларға жұмыс орнын ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еrtіs – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі білім беру басқармасымен бірлесіп, өскелең ұрпақты еңбекпен қамту мақсатында «Adal tabys» акциясын бастады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
30.05.2019
-
Елордаға Түркістан облысының көкөніс өнімдері жеткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.1-2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
30.05.2019
-
Елордада салалық терминология мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар терминологиялық қорды толықтыру қажеттілігіне тоқталды.
30.05.2019
-
ШҚО-да 1 маусым күні балалар қалааралық автобустарда тегін жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 1 маусым күні балалар қалааралық автобустарда тегін жүретін болды. Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.
30.05.2019
-
Атырауда балаларға қамқорлық жасалды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. 1- маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, Атырау облыстық дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
30.05.2019
-
Ақтөбенің емдеу мекемелері 93 млн теңгеге шығындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 тоқсанында медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 93 млн теңгеге кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
30.05.2019
-
Талдықорғанда жыл басынан бері 115 үй тоналған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстың басым бөлігі көп пәтерлі үйлерде болады. Енді тәртіп сақшылары жергілікті әкімдік және жеке пәтер иелері кооперативінің төрағаларымен бірлесіп мәселені бір жақты шешуге күш салмақ. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
30.05.2019
-
Алматыдағы сауда орталығынан 600 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығудың мақсаты-адамдар көп жиналатын жердегі өртті сөндіру кезінде Алматы өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының дайындық деңгейін анықтау және өрт шыққан жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеттерін бағалау.
30.05.2019
-
Қарағанды облысында 4 өрт сөндіру бекеті ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жыл соңына дейін тағы 4 өрт сөндіру бекеті құрылады. Бұл туралы брифинг барысында Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.
30.05.2019
-
Елордада балалар жарақатының алдын алу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда 2019 жылғы 26-31 мамыр аралығында өткізіліп жатқан Балалардың оқыс жарақаттануының алдын алу апталығы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар жарақатының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
30.05.2019
-
Жетісайлық алғашқы қарбыздар экспортқа шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданы Жайлаукөл елдімекенінің диқаны қарбыздың алғашқы 40 тоннасын Ресейдің Новосібір қаласына жөнелтті, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
30.05.2019
-
Қызылордада «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жеңімпаздары жастармен кездесті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қызылордалық жастармен кездесті.
30.05.2019
-
Түркістан облысының Төлеби ауданында 6 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төлеби ауданында мектеп жетіспеушілігіне байланысты халқы тығыз орналасқан елдімекендерде 6 білім ұясы салынады. БАҚ өкілдері жаңадан бой көтеріп жатқан Киелітас ауылындағы «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектебінде болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
30.05.2019
-
Жамбыл облысында бапкер бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау және спорт басқармасының армрестлинг бойынша бапкерінің жымқыру фактісі анықталды.
30.05.2019
Наверх