Бөлім басшысы 600 мың пара алам деп 30 млн теңге айыппұлға тап болды

25 Қыркүйек 2019, 12:55
1935
Бөлісу:
Бөлім басшысы 600 мың пара алам деп 30 млн теңге айыппұлға тап болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы пара алғаны үшін сотталды.

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы А. Ахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол К.Берженбаев деген азаматты аталған мекеменің маманы ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

"24 қыркүйекте Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Ахметовке пара алғаны үшін 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар, шығарылған үкімге сәйкес Берженбаевқа пара бергені үшін 9 млн теңге көлемінде айыппұл салу жазасы белгіленді.


Өзгелердің жаңалығы