Еліміздің барлық өңірінде күн суытады

25 Қыркүйек 2019, 15:15
2058
Бөлісу:
Еліміздің барлық өңірінде күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 26-28 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы « Қазгидромет » РМК хабарлады.

Қазақстанның батысы мен солтүстігіне үсік алып келген суық антициклон шығысқа ауысты. Алдағы үш тәулікте республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді. 

Ал Орал аудандарынан кезекті суық фронттың ығысуының ықпалынан республиканың басым облыстарында жауын-шашын болып, екпінді жел соғып, солтүстік облыста жауын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін деп болжануда. 

Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С-қа жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындап, ал жексенбі күні барлық өңірлерде нормадан 3…8°С-қа төмен болады.


Өзгелердің жаңалығы