Отандық спортшылар кенеттен тоқтап қалған Әнұранды өздері жалғастырып әкетті

25 Қыркүйек 2019, 16:06
2012
Бөлісу:
Отандық спортшылар кенеттен тоқтап қалған Әнұранды өздері жалғастырып әкетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға қатысып жатқан су добынан Қазақстан қыздар құрамасы еліміздің Әнұранын өздері айтып шыққан. Бұл туралы Olympic.kz. сайты жазды. 

«Бірінші ойында қазақстандықтар Қытай құрмасына қарсы ойнады. Дәстүр бойынша, кездесу екі елдің Әнұранымен басталған болатын. Алайда, 8-секундқа келгенде техникалық қателіктерге байланысты Қазақстан Республикасының Әнұраны тоқтап қалды. Алайда, қыздар командасы еш сасқан жоқ. Олар өз дауыстарымен еліміздің мемлекеттік Әнұранын толықтай айтып шықты», - делінген хабарламада

Команданың бұл әрекетіне риза болған жанкүйерлер қошеметін аяған жоқ. Ал аталған матч 11:10 есебімен біздің команданың пайдасына аяқталды. 



Өзгелердің жаңалығы