ҰҚК қару жасаумен айналысқан жасырын шеберхананы анықтады

25 Қыркүйек 2019, 15:40
2091
Бөлісу:
ҰҚК қару жасаумен айналысқан жасырын шеберхананы анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный қаласында қару жасайтын шеберхана ұйымдастырғандар сотталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Д.Басакин мен А.Стенинге атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз өткізгені үшін үкім шығарды.

«Сотталушылар ҚР ҚК 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны заңсыз сатып алу, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) және 291-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны ұрлау немесе қорқытып алу) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда фигуранттардың бірі іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жоғарыда көрсетілген адамдарды салмағы 2 кг «аммонит» жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік пистолетті өткізу кезінде ұстау бойынша операция жүргізген болатын.


Қостанайда атыс қаруы мен жарылғыш заттарды тасымалдарғандарға қатысты үкім шықты

Өзгелердің жаңалығы