Ғалымдар сүтті шайдың зиянды тұстарын атады

25 Қыркүйек 2019, 16:32
5348
Бөлісу:
Ғалымдар сүтті шайдың зиянды тұстарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания ғалымдары сүтті шайдың асқазан-ішек жолдарының қызметіне кері әсер ететінін дәлелдеді, деп хабарлады webinfo.kz.

Мамандардың айтуынша, сүт қосылған шайды жиі ішу салдарынан асқорыту жүйесі, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады.

«Мұндай коктейльді» сүйіп ішетін адамдар көбінесе асқазан-ішек жолдары ауруларына көп шалдығып, дәрігер нефрологтің тұрақты пациентіне айналады. Бұдан бөлек, сүт қосылған шайды жиі іше берсе бүйрекке тас пен құм жиналады», - деп атап өтті мамандар.

Сарапшылардың пайымдауынша, сүт өнімдері көп жағдайда басқа тағамдармен сәйкес келе бермейді. Сол себепті мұндай жағдайда бір-біріне сәйкес келетін тағамдарды саралап, бөліп тамақтанған дұрыс. Мысалы, әуелі қара шай ішіп, артынша біраз уақыт өткен соң сүт ішуге болады.

Қорытындылай келе мамандар лимон қосылған шай ағзаға пайдалырақ екенін атап өтті. Сондай-ақ, сарапшылардың сөзінше, кофеге сүт қосып ішсе, сусынның зиянды әсері барынша азаяды екен.

Өзгелердің жаңалығы