Жаңалықтар
-
-
Қазақстанда металл бұйымдар өндірісі 20 %-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы жарты жылда 117,1 млрд теңгенің дайын металл бұйымдары өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға артық, деп жазды energyprom.kz.
13.08.2020
-
Есірткі сатумен айналысқан шетелдік пен үш қазақстандық ұсталды – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арнайы операция барысында үш қазақстандық пен бір шетелдік ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
13.08.2020
-
Елімізде коронавирус жұқтырған 23 281 адам ем қабылдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
13.08.2020
-
Жағажай маусымы басталғалы елордада 114 адам жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты су айдындарында шомылуға тыйым салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
13.08.2020
-
Беларусьтегі кейбір әскерилер жұмыстан шыға бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. NEXTA Live тelegram арнасының хабарлауынша, әскерилердің кейбірі әскери формаларын қоқыс жәшіктеріне лақтырса, ал кейбір әскери қызметкерлер отставкаға кетіп жатыр.
13.08.2020
-
БҚО-да жалған құжаттар бойынша металл партиясын әкетудің алды алдынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да жалған құжаттар бойынша жалпы салмағы 23 тоннадан асатын металл партиясын әкетудің алды алынды. Бұл туралы МКК баспасөз қызметі хабарлады.
13.08.2020
-
"ҚазАқпарат" – ғасырлық ғұмырдың тұғыры
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін - "ҚазАқпарат" халықаралық агенттігінің құрылғанына 100 жыл. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазақстандағы тұңғыш ақпарат агенттігінің негізі қаланды. Қазір қанатын кеңге жайған алып компанияда бірқатар интернет басылым жаңалықтың жаршысы болып, халыққа ақпарат таратып отыр.
13.08.2020
-
Елорда маңында дала семинары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бараев атындағы АШҒӨО-да Ақмола облысы фермерлерінің қатысуымен дала семинары өтті.
13.08.2020
-
2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 13 тамыздағы жағдай бойынша биылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 541 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.
13.08.2020
-
Бейрут портының жұмысы біртіндеп жандана бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Ливан астанасындағы порт саудагерлер үшін кемелерді түсіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады министр.
13.08.2020
-
Жастардың білімі бүгінгі нарық талаптарына сай келмейді – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" ТА-ның Aкimat Live бағдарламасында өткен тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, орта және жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесін шешу туралы әңгімеледі.
13.08.2020
-
Бейруттағы жарылыстан төрт мыңға жуық ғимарат қирап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливан астанасындағы портта болған жарылыс жарты қаланы қиратты. Сақтандыру компаниялары 3 миллиард доллар шығын келгенін айтуда.
13.08.2020
-
Алматыда ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың дозалық екпе сатып алынады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасында айтты.
13.08.2020
-
Тоқаев "ҚазАқпарат" ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
13.08.2020
-
Атырау облысында 170 мектепте 1446 кезекші сынып ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезекші сыныпқа 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады.
13.08.2020
-
Әлемнің кейбір елінде коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джонс Хопкинс университетінің бағалауы бойынша, жер бетінде расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырушылар саны 20 миллионнан асты.
13.08.2020
-
Қорғаныс министрі Үшарал гарнизонының жай-күйімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үшарал гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
13.08.2020
-
Елімізде тағы 517 адам коронавирус індетіне шалдықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 517 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
13.08.2020
-
Қашықтан оқыту курстарынан елордалық 12 мыңнан астам педагог өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог (мектеп, колледж, балабақша тәрбиешілері) қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-курстардан өтті.
13.08.2020
-
13 тамызда елдің көп өңірінде дауыл тұрып, бұршақ жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, 13 тамызда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
13.08.2020
Наверх