Трамп билікті 20 қаңтарда тапсырады

7 Қаңтар 2021, 16:28
990
Бөлісу:
Трамп билікті 20 қаңтарда тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі АҚШ Президенті Дональд Трамп 20 қаңтарда билікті тапсыратынын айтты, деп хабарлады ТАСС.

Мен сайлаудың қорытындыларымен толық келісе алмаймын. Бірақ 20 қаңтарда билікті тәртіп бойынша тапсырамын, - деді Трамп. 
Айта кетейік, АҚШ Конгресі Байденді президенттік сайлаудың жеңімпазы деп бекітті. 

Бұған дейін Конгрестегі сайлау жеңімпазы бірнеше сағат бұрын бекітілуі керек еді, бірақ Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге байланысты жиналыс тоқтатылуы керек болды. Қала орталығында митинг өткізген Дональд Трамптың жақтастары бір сәтте қоршауды бұзып, Капитолия ғимаратына кірді. Ал полиция адамдарды қуып шығару үшін атыс қаруы мен көзден жас ағызатын газды қолдануға мәжбүр болды. Соңғы ақпарат бойынша, тәртіпсіздіктер салдарынан төрт адам қаза тауып, ондаған адам ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы