Назарбаев туралы деректі фильмнің жалғасы шығады

7 Қаңтар 2021, 22:14
1578
Бөлісу:
Назарбаев туралы деректі фильмнің жалғасы шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қаңтар күні «Хабар» арнасында ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter парақшасында жазды.

Хабар арнасында 8 қаңтарда сағат 21.45-те «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Фильмнің үшінші сериясында саясатқа қатысты сұрақтар аз болады. Көбінесе Елбасының жеке өмірі және бұрын белгісіз болып келген дүниелер айтылады, - дед ол өз жазбасында.

Адамдар кешірімді, мейірімді болып, бір-біріне қолұшын созуы керек,  - дейді Нұрсұлтан Назарбаев деректі фильмнің видео-анонсында.

Сондай-ақ Елбасы өмірден өткен жиені туралы да айтады.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің YouTube-парақшасында «Штрихи к портрету» деректі фильмінің 1-ші сериясы өткен айда жарияланған еді.

Өзгелердің жаңалығы