ҚАЖ департаменттерінің бастықтары тағайындалды

7 Қаңтар 2021, 15:50
2549
Бөлісу:
ҚАЖ департаменттерінің бастықтары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға ҚАЖ комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Жанат Ешмағамбетов таныстырды.

Бұл туралы ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып бұған дейін осы облыстың Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Жанболат Аманұлы Қалетаев тағайындалды. 

Жанболат Қалетаев Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан қызмет етеді, өңірлік Полиция департаментінің бөліністерінде біраз жыл басшылық лауазымдарда болған. 

Осы бұйрықпен Қостанай облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы болып Абай Серікұлы Қайырбеков тағайындалды. 

Абай Қайырбеков ішкі істер саласындағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысында аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Көп жыл бойы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарған. Соңғы атқарған лауазымы - министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы